17
Сәуір

Астаналық қалалық филиалында жастар саяси клубының кезекті отырысы өтті

17 сәуір 2025 жыл, Астана қалалық филиалы

«Ақ жол» ҚДП Астаналық қалалық филиалында жастар саяси клубының кезекті отырысы өтті. Кездесу «Жастардың ел экономикасын дамытудағы рөлі» тақырыбында өтті.

Дөңгелек үстел барысында жастардың экономикаға әсер ету жолдары, идеялар мен мүмкіндіктер, сонымен қатар кедергілер талқыланды. Жұмыспен қамту, кәсіпкерлік және мемлекеттік қолдау бағдарламалары мәселелері көтерілді. Филиал қызметкерлері мен жастар қанатының өкілдері пікір алмасып, нақты ұсыныстарын ортаға салды.