26
Шілде

Ақтауда “Ақ жол” демократиялық партиясының І Республикалық пікірсайыс турнирінің ашылу салтанаты өтті

26 шілде 2025 жыл, Маңғыстау облыстық филиалы

«Ақ жол» демократиялық партиясының қолдауымен І Республикалық дебат турнирі 2 күнге созылмақ. Партия кубогы кімге бұйырады оны дебат нәтижесі көрсетеді.

Бұл ауқымды шараның басты мақсаты – елімізде пікірсайыс қозғалысын дамыту, жастардың бойында азаматтық ұстаным мен саяси санасын қалыптастыру, сондай-ақ, “Ақ жол” партиясының саяси бағдарламасын жас шешендер арасында кеңінен насихаттау арқылы олардың ой-пікірлері мен ұсыныстарын таңдау және оларға қолдау көрсету.

Турнирдің ашылу салтанатына“Ақ жолдың” Маңғыстау облыстық депутаты, “АЛҒА" мүгедектер спорт клубы" қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары Бекнұр Бисенов, “Ақ жолдың” Бейнеу аудандық депутаты, ақын Райымбек Түзелов қатысып, сөз сөйледі.

- “Осы дебат барысында қозғалатын өзекті тақырыптар терең талқыланып, жақсы ұсыныстар пайда болады деп ойлаймыз,” - дейді ашылу салтанатында сөз алған жас депутаттар.

Сондай-ақ, аталған шараның ұйымдастыру жұмыстарына үлес қосқан “Ақ жолдың” Маңғыстау облыстық филиалына, Маңғыстау Облыстық мәслихатына, Ұлттық Пікірсайыс Федерациясына, «MАNGYSTAU academy-сына және партияның Жастар Кеңесіне алғыстарын айтты.

Айта кетейік, осы шараға Астана, Орал, Ақтөбе, Алматы, Қызылорда және Шымкент қаласынан пікірсайысшылар тіркелді.

Турнир жеңімпаздары «Ақ жол» демократиялық партиясының кубогымен, дипломдармен, естелік және ақшалай сыйлықтармен марапатталады.