31
Мамыр

Ақтауда «Алашқа тағзым» дәстүрлі шарасы өтті

31 мамыр 2025 жыл, Маңғыстау облыстық филиалы

Бүгін «Ақ жол» демократиялық партиясы Маңғыстау облыстық филиалы 31 мамыр Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық  құрбандарын еске алу күніне орай «Алашқа тағзым» дәстүрлі шарасын өткізді.

Шараға “Ақ жол” партиясы Маңғыстау облыстық филиалы төрағасы Батыржан Қорғанбайұлы, “Ақ жолдың” Облыстық Кеңесі мен жастар қанатының мүшелері, сондай-ақ, Ақтау қаласындағы #12 мектептің ұстаздары қатысты.

“Алашқа тағзым” шарасы аясында Ақтау қаласындағы Жалау Мыңбайұлы ескерткішіне барып, Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарының рухына тағзым етіп, гұл шоқтарын қойып, құран бағыштады.

Партия филиалы төрағасының орынбасары Ғазиза Бақтиярқызы ел тарихындағы ең қасіретті трагедия туралы және елі үшін құрбан болған Алаштықтардың қызмет жолы туралы архив деректеріне сүйене отырып, тың мағлұматтар айтты.

Мұндай шара баршамызға үлкен өнеге. Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарының рухына тағзым етіп, құран бағыштап, еске алу дәстүрі ұрпақтан ұрпаққа жалғасуы тиіс. Ата-баба рухы разы болып, бағыштаған құранымызды Алла қабыл етсін!” - деді филиал төрағасы Батыржан Қорғанбайұлы.

Айта кетейік «Алашқа тағзым» дәстүрлі шарасы “ақжолдықтардың” ұйымдастыруымен еліміздің өзгеде өңірлерінде аталып өтті.