20 мамыр 2024 жыл, “Ақ жол” демпарииясы Маңғыстау
облыстық филиалының баспасөз қызметі
Бүгін білім беру ұйымдарындағы тамақтандыру сапасына мониторинг жүргізу
жөніндегі ведомствоаралық сараптамалық тобының мүшелері Ақтау қаласындағы
мектеп асханаларына мониторинг жүргізді.
Сараптама тобы өз жұмысын Ақтау қаласындағы №13 гимназия мен №12 орта
мектебінен бастады.
Топ мүшелері мониторинг жүргізу барысында ас мәзіріне сәйкес тағамдар
тізімі мен салмағын, сондай-ақ, азық-түлік өнімдерінің сапасын, оларды
сақтайтын қоймалар мен тоңазытқыштарын, бракераж журналдары мен асхана
қызметкерлерінің санитарлық кітапшаларын тексерді.
Мұнан соң сараптамалық топ өкілдері №6, №7 орта мектептерінде болып,
мектептегі тағам үлгілерінің бірыңғай тамақтану стандарттарына сәйкестігіне
талдау жасап, оқушыларды тамақтандыру құжаттарын қарап шықты.
Сараптамалық топ құрамында мәслихат депутаттары, саяси партиялардың
өкілдері, қоғам белсенділері, кәсіпкерлік палата өкілдері, білім бөлімінің
мамандары мен ата-аналар бар.
- «Оқушылардың тамақтану сапасына жүйелі мониторинг жүргізу және тамақтандыру мәселесін тиімді ұйымдастыру бойынша шаралар қабылдау мақсатында құрылған ведомствоаралық сараптама тобы бекітілген кесте бойынша өз жұмысын бастады. Мониторинг жүргізудің негізгі мақсаты - балалардың дұрыс тамақтануын қамтамасыз ету. Бүгін аралаған мектеп асханаларына бақылау жүргізу жұмыстары барысында азды-кем кемшіліктерді анықтадық. Ол туралы қызмет көрсетіп отырған кәсіпкерлерге ескерту де жасадық. Анықталған кемшіліктер бойынша тиісті құзырлы органдарға да жолдаймыз.», - дейді топ мүшелері.