22
Сәуір

Ақтауда маслихат депутаттарының жылдық есеп беру кездесуі өтті

22 сәуір 2025 жыл, Маңғыстау облыстық филиалы

Ақтауда қала әкімі Әбілқайыр Байпақовтың қатысуымен облыстық және қалалық мәслихат депутаттарының жылдық есеп беру кездесуі өтті.

Шараға “Ақ жол” демпартиясынан сайланған облыстық мәслихат депутаттары Ербол Айтуов пен Бекнұр Бисенов, сондай-ақ, партия филиалы төрағасының орынбасары Ғазиза Бақтиярқызы қатысты.

Жиында тұрғындар негізінен кәсіпкерлік, тұрғын үй құрылысы және жол саласына қатысты сауалдарын ортаға салып, жекелеген мәселелерді көтерді.

Айта кетейік облыстық және қалалық мәслихат депутаттарының жылдық есеп беру кездесуі 28 сәуірге дейін жалғасады.