10 қазан 2025 жыл, Ақтөбе облыстық филиалы
2025 жылғы 10 қазанда Ақтөбе қаласында балалар мен ересектер арасында
паралимпиадалық спорт түрі — боччадан турнир өтті.
Бұл шара Қазан айының екінші жексенбісінде атап өтілетін Мүгедектігі бар
адамдар күніне орай ұйымдастырылды
Турнирге облыстық және қалалық мәслихат депутаттары қатысты. Олар жас
спортшылармен бірлесіп, достық пен қолдауға толы атмосферада қызықты ойын
өрнегін көрсетті.
"Ақ жол" демократиялық партиясынан Ақтөбе облыстық мәслихатының
депутаттары Раушан Жәлімбетова мен Әсем Ілиясова белсенді түрде қатысып,
қатысушыларға қолдау білдірді.
Жарыс қорытындысы бойынша Раушан Жәлімбетова бастаған команда жүлделі І
орынды иеленді.



