24
қыркүйек 2024 жыл, Ақтөбе облыстық филиалы
Дәния Еспаева Ақтөбе қаласындағы «Казпошта»
АҚ ұжымымен кездесіп, АЭС салу бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында қазіргі атом
станцияларының қауіпсіздігі, олардың жұмыс істеу принциптері және қоршаған
ортаға және адам денсаулығына әсер ету деңгейі мәселелері талқыланды.
«МАГАТЭ
қорытындысына сәйкес АЭС-ті Балқаш көлінің жанында орналастыруға кедергі жоқ.
Мұнда барлық қауіпсіздік талаптарына жауап беретін және экономикалық
көрсеткіштері жақсартылған 3 немесе 3+ буын реакторлар орнатылады» - деді
өз сөзінде Дәния Еспаева.
Сондай-ақ, депутат АЭС құрылысы
экономиканы және өнеркәсіптің аралас салаларын дамыту үшін мультипликативті
әсер беретінін, сондай-ақ жұмыс орындарын құруға ықпал ететінін атап өтті.
Мәселен, атом электр станциясын салу кезінде 8 мыңға дейін адам жұмыспен
қамтылады, ал станцияны пайдалану кезінде тікелей 2 мыңға дейін жаңа жұмыс орны
құрылады.
Сонымен қатар, АЭС құрылысы Қазақстанның
инвестициялық әлеуетін де арттырады.
Дәния Еспаева 6 қазан күні референдумда
дауыс беруге шақырды.