28 ақпан 2024 жыл, «Ақ
жол» демпартиясының Ақтөбе облыстық филиалы
28 ақпан 2024 жылы, «Ақ жол» демпартиясы Ақтөбе облыстық
мәслихаты депутаты Раушан Жәлімбетованың қатысуымен Ақтөбе қаласындағы № 32
орта білім беретін мектепте мониторинг жұмысы жүргізілді.
Мониторинг келесі көрсеткіштер бойынша жүргізілді:
Мектепішілік бақылау, кадрлық құрам, білім алушылар
контингенті, білім сапасы, оқушылардың білім жетістіктері, оқу жұмысы,
оқу-материалдық база, балалардың қауіпсіздігі, тамақтану және т. б. мәселелер басты назарға алынды.
Оқушылардың психо-эмоционалды жағдайы және олардың
психологтармен жұмысы тексерілді. Байқағанымыздай, орыс тілінде оқытатын
мектептерде қазақ мектептеріне қарағанда психологқа жүгіну көбірек болған.
Сондай-ақ, сарапшылармен бірге оқу үлгерімі
төмен оқушылармен жұмыс жасауға бағыттар
берілді, өйткені білім деңгейін көтеру, сыныптан тыс үйірмелерді көбірек өткізу
басты назарда.
Мектептерде шатырды, электр сымдарын, қоршауларды күрделі
жөндеу қажет, олардың бірінде спорт алаңы мен жүгіру жолы мәселесі өткір мәселе
ретінде тұр. Сондай-ақ кадр тапшылығы да бар.
Бұл мәселелердің барлығын, «Ақжолдық» депутат өзіне
түртіп алып, облыстық мәслихаттағы тұрақты комиссияда қаралатынын жеткізді.