8 сәуір 2024 жыл, “Ақ жол” демпартиясының Маңғыстау облыстық филиалының баспасөз қызметі
“Ақ жол” демпартиясы Маңғыстау облыстық филиал төрағасы Батыржан Қорғанбайұлының
бастамасымен KMG EP-Catering» ЖШС-мен бірігіп, Атырауға көмек тоқтаусыз
жөнелтіп жатыр.
Су тасқынынан зардап шеккен Құлсары қаласының
тұрғындары үшін 5000 дана жана жаңа піскен нан, пирашки, биляш жөнелтілді.
Сондай-ақ, бензин, құм салатын қап, күрек, картоп т.б қажетті заттарда бар.
Нанды «KMG EP-Catering» ЖШС аспаздары пісіріп,
дайындады.
Сонымен бірге бұл бастамаға “Ақ жолдың” Жаңаөзен
қалалық мәслихат депутаты Жалғас Аигисов, Кендірлі ауылының кәсіпкерлері де
қолдап, ұн алуға қолдау көрсетті.
Бұл ас-су жол бойы Бейнеу, Сарға, Боранқұл т.б.
ауылдарға тұрақтаған атыраулықтарға үлестіріледі.