16
Мамыр

Атырау облысына жұмыс сапарымен барған «Ақ жол» депутаты Серік Ерубаев Индер ауданының тұрғындарымен кездесті

16 мамыр, 2022 жыл, «Ақ жол» партиясы Атырау облыстық филиалы

 

Атырау облысына жұмыс сапарымен барған Мәжіліс депутаты Серік Ерубаев Индер ауданы Бөдене ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті.

Кездесуде халық қалаулысы ресупбликалық референдум жөнінде айтып, оның маңыздылығына тоқталып өтті.


- Референдум – аса маңызды демократиялық институт. ҚР Конституциясының, конституциялық заңдарының және мемлекет өміріндегі өзге де неғұрлым маңызды мәселелері жөніндегі шешімнің жобасы бойынша бүкілхалықтық дауысқа салу. Біз бұл оқиғаны қазақстандықтардың өздері де күткенін көріп отырмыз, өйткені халықтың осы саяси оқиғаға деген қызығушылығы жоғары, - деп атап өтті депутат.

​Мәжілісімен одан әрі Атырау облысы, Индер ауданындағы желілік басқарма ұжымымен кездесті.


Ұжыммен жүздесу барысында бірқатар мәселе көтеріліп, депутат референдумға қатысты сұрақтарға жауап берді. «Әлемдік кеңістікте өз орнын айшықтаған тәуелсіз мемлекетіміздің алға қарай да өркендеуі үшін бұрынғы құқықтық жүйенің заман талабына сай жаңаруы – өте маңызды. Референдумға қатысу – қоғамның демократиялық моделін енгізуге қаншалықты дайын екенімізді көрсетпек.

Мемлекет басшысының саяси жаңғыру бағытындағы бастамаларына қолдау көрсету – елдігіміздің белгісі» - деді мәжілісмен.