31 мамыр 2025 жыл, Атырау облыстық филиалы
Бүгін 31 мамыр – саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу
күніне орай «Ақ жол» демократиялық партиясы Атырау облыстық филиалы өкілдері,
облыстық, қалалық мәслихат депутаттары және партияның Жастар кеңесінің өкілдері
және ашаршылық жылдарында жазықсыз жазаланғандардың туыстары саяси қуғын-сүргін
құрбандарына тағзым етіп, Жеңіс паркіндегі Саяси қуғын-сүргін құрбандарының
мемориалына гүл шоқтарын қойды. Онда Атырау облыстық мәслихат депутаты
Н.Қайырденов сөз алып, «Ақ жол» демократиялық партиясы жыл сайын дәстүрлі түрде
ұйымдастырып келе жатқан шара және бұл шара – өткенге тағзым, келешек ұрпаққа
үлгі-өнеге ретінде көрсету мақсатында өткізіліп келе жатқанын атап өтті. Бұл
күн қазақ елі үшін түбінде қайғы қасіреті жатқан қаралы күн. Қазақ халқы деп
шырылдаған ер жүректер мәңгі есімізде болмақ.




