27
Тамыз

Атырау облыстық филиалы «Мектепке жол» қайырымдылық акциясына өз үлесін қосты

27 тамыз 2025 жыл, Атырау облыстық филиалы

«Ақ жол» демократиялық партиясының Атырау облыстық филиалы «Мектепке жол»  қайырымдылық акциясына өз үлесін қосты.

2025 жылдың 27 тамыз күні партияның облыстық филиалы кеңсесінде «Мектепке жол» акциясы аясында қайырымдылық шарасы өтті. Шараға партияның облыстық филиалының төрағасы Е.Юсупов, облыстық мәслихат депутаты Қ.Баймұратов және партия белсенділері қатысып, қаладағы аз қамтылған және көпбалалы  30 балаға әлеуметтік көмек көрсетіп, мектепке қажетті киім-кешек пен қажетті құрал-жабдықтарды сыйға тарту етті.

Аталған акция – балалардың оқуын қамтамасыз етуге бағытталған нақты қолдаудың, қоғамдағы жанашырлық пен бірлік рухының көрінісі. Оның аясында мыңдаған балаға мектеп формасы, аяқ киім, оқу құралдары және басқа да қажетті заттар табысталып, жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары жүргізілуде.

Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясының Атырау облыстық филиалы жыл сайын осы игі іске белсене атсалысып келеді. Мәслихат депутаттары мен партия мүшелері аз қамтылған және әлеуметтік осал санаттағы отбасылардан шыққан балаларға нақты көмек көрсетіп, олардың мектепке баруына жағдай жасап келеді. Бұл — партияның азаматтық жауапкершілігі мен әлеуметтік әділеттілікке деген ұстанымының жарқын көрінісі.

«Ақ жол» демократиялық партиясы үшін әр баланың білім алуға құқығы мен мүмкіндігін қамтамасыз ету – басты басымдықтардың бірі. Осыған орай, акция аясында көптеген балаларға мектепке қажетті құрал-жабдықтар, киім-кешек үлестіріліп, әр баланың жаңа оқу жылын қуанышпен қарсы алуына септігін тигізді. Риза болған ата-аналар мен оқушылар партия атына көрсеткен көмектері үшін  алғыстарын жеткізді.

Біздің партия алдағы уақытта да осындай әлеуметтік маңызы бар бастамаларға қатысып, еліміздің болашағы – жас ұрпаққа жан-жақты қолдау көрсетуді жалғастыра бермек.