14
Наурыз

Атырау облыстық филиалының кеңсесінде жастар өкілдерімен кездесу өтті

14 наурыз 2025 жыл, Атырау облыстық филиалы

2025 жылдың 14 наурыз күні  «Ақ жол» демократиялық партиясы Атырау облыстық филиалының кеңсесінде жастар өкілдерімен кездесу өтті. Оны төраға Е. Юсупов ашып, жүргізіп отырды. Кіріспе сөзінде жастар алдында тұрған келелі міндеттерді тілге тиек етіп, алдағы жоспарларға тоқталды.

Бұдан кейін партия филиалы жастар кеңесінің төрағасы Е. Рахметов сөз алып, «Ақ жол» демпартиясы жастар кеңесінің республикалық  форум қорытындыларымен таныстырды. Партия филиалының жастар кеңесінің жұмысын жандандыру мақсатында көптеген ұсыныстарымен бөлісті. Олардың ішінде коворкинг орталығын ашып, кәсіпкерлік бағытын ұстанған жастарға қолдау көрсету, оларға барынша мүмкіндіктер сыйлау, гранттар беру, түрлі бағыттарда шеберлік класстарын өткізу және  басқа да ұсыныстар болды. Университтердегі жастар саясаты бөлімдерімен және колледждердегі 14 орталықтармен тығыз байланыста жұмыс жасап, оларды партия жастар кеңесінің бағдарламаларын жүзеге асыруға тарту туралы ойын жеткізді. Жастардың  түрлі сауалдарына жауап берілді.

Жарыссөзде қалалық  мәслихат депутаттары  Б. Әжіғалиев, В. Құлмағамбетов, партия белсенділері Ә.Төлеуішов, А. Қондыбаева, П. Шин, сөз сөйлеп, өз ойларын ортаға салып, алдағы бағыттарына сәттілік тіледі.

Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің студенттері де өз пікірлерін айтты.

Мұндай кездесулер мен пікір алмасулар жалғасын табады.

Сондай-ақ, Амал мерекесіне орай, қалалық мәслихат депутаты Б. Әжіғалиев пен облыстық филиалдың аппарат жетекшісі А. Қондыбаева 94 жастағы тыл ардагері Жаңылсын Сыдиқованың  үйіне барып, көрісіп, мерекемен құттықтап, партия атынан гүл шоқтары мен ақшалай сыйлықтарын тапсырды. Тыл ардагері партия атына ризашылығын білдіріп, жұмыстарына жеміс тіледі.