1 сәуір 2024 жыл, «Ақ жол» ҚДП Атырау облыстық филиалы
Биылғы өр суының
көп келуіне байланысты Қызылқоға ауданының елдімекендеріне қауіп төніп тұр.
Осыған байланысты халық бір кісідей жұмылып, су жолына бөгеттер тұрғызуда. Күні
кеше Сағыз елді мекенінде су басу қауіпіне қарсы ауыл тұрғындары бірігіп
күрессе, енді Миялы селосын судан құтқару жұмыстары қолға алынуда. Бұл жолда
облыстық мәслихат депутаты, “Ақ жол” демпартиясының мүшесі Қ.Баймұратов аса
белсенділік танытып келеді. Ол өз қаражатына Ақтөбеден 20мың дана қапшық
алдырып, қазір оны құммен толтырып, бөгеттерді биіктету мақсатында көмек
көрсетуде.
Сонымен қатар
арнайы құрылғымен бөгеттердің биіктігі өлшеніп, судың ағу бағыты белгіленді.
Олар қазір село сыртындағы жыралармен жарып шыққанға шығаруға күш салынуда. Бұл
бірден бір тиімді жол болмақ. Сонымен бірге Қарабау, Миялы т.б. елдімекендерді
судан қорғау бағытында “Ақ жол” ДП-нан сайланған депутаттар Е.Юсупов пен К.Шин
демеушілік танытып, “Атырау Көлік” және “АтырауИнжСтрой” ЖШС мекемелеріндегі
қажетті техникалар да осы іске жұмылдыруда. Су беті қайтқанша ақжолдықтар да
белсенділік таныта береді.