02
Шілде

Атырау өңірінде Серік Сәрсенұлы Ерубаевтың іс сапары басталды

2 шілде 2025 жыл, Атырау облыстық филиалы

Атырау өңірінде ҚР Парламент Мәжілісінің  депутаты Серік Сәрсенұлы  Ерубаевтың іс сапары басталды. Ол алғашқы кездесуін  Атырау облысы Полиция департаментінде  құқық тәртібін сақтау жолында күресіп жүрген полиция қызметкерлерімен кездесуден бастап, оны департамент басшысы, генерал Н.Оразбаев ашты. Ол депутаттардың аймақтарға сапарлары басталғанына тоқталып, кезекті  ҚР Парламент Мәжілісінің  депутаты С.Ерубаевқа берді. Ол үшінші маусымдағы «Ақ жол» демпартиясы фракциясының  атқарған жұмыстарынан есеп беріп, партия қойған сауалдары жайлы айтты. Партияның  алға қойған сайлауалды бағдарламаларын тілге тиек етті. Негізінен Мемлекет басшысының мереке алды құқық қорғау саласы қызметкерлерімен кездесудегі сөйлеген сөзінен туындайтын міндеттерді сараланды. Осыған қатысты ойларын ортаға салды.

Бұдан кейін осы саладағы өзекті проблемаларға байланысты ашық әңгімелер өрбітіп, түрлі сауалдарға жауап берді. Басты көтерілген мәселе -  Грузия елінен елімізге кіріп жатқан автомобильдерге қатысты сауалдар болды. Осы мәселені ушықтырмай шешу, оларды кеденнен өткенде  тіркеуді жүзеге асыру, себебі Батыс өңірлерге машиналар көптеп кіріп жатқаны айтылды. Сондай-ақ Атырау-Астрахань тасжолына қатысты проблема көтеріліп, оны қабылдауда комиссия құрамына полиция басқармасынан өкілдер енгізуді ұмытпау қажеттігі ескерілсе делініп, тағы басқа да өзекті мәселелер ортаға салынды. Кездесу соңында 23 маусым – Полиция қызметкерлер күніне орай бір топ полиция қызметкерлерін партияның «Еңбегім еліме» медальімен марапаттады. Оны депутат өз қолымен тапсырды.