13
Қараша

Қатысушылар лебізі - Егемен Казахстан (Астана)

Азат Перуашев, Парламент Мәжілісінің депутаты:
– Әлемде болып жатқан қиындықтар, түрлі дағдарыстар біздің елімізді де айналып өтпейтініне ешкім кепілдік бере алмайтыны сөзсіз. Яғни, біз дүниежүзінде болып жатқан үдерістерге батыл жауап беріп, кез келген қиындыққа дайын болуымыз керек. Мәселен, оларға қаржылық дағдарысты, кейбір Араб елдерінде болып жатқан лаңкестік әрекеттерді, Ресей мен Батыс елдері арасындағы санкциялық күресті жатқызуға болады. Мұның барлығы, қалай болғанда да, біздің еліміз экономикасына ықпал етіп отыр. Сондықтан, Мемлекет басшысы сын кезеңді қорғану үшін емес, өзімізге қолайлы етіп пайдалану үшін меңзеп отыр.
Мәселен, шағын және орта бизнесті қолдау, инфрақұрылымды жаңа деңгейге шығару – бұл біздің ұлттық экономикамызды қолдау. Елбасы әлеуметтік салаға, білім беру, жастарға қолдау көрсету мәселелеріне де айрықша мән берді. Демек, қоғам алдында тұрған өзекті мәселелерді шешу үшін Ұлттық қордан бөлінетін ақша алдын-ала көзделген мақсатқа жетуі тиіс. Оған бәріміз атсалысқанымыз жөн.

Деренама - Егемен Казахстан (Астана), № 221 (28444), 12.11.2014