16 ақпан 2024 жыл, Ақмола облыстық филиалы
Биыл Кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 35 жыл толды. Осы оқиғаға ширек ғасырдан астам уақыт өтсе де, бұл соғысқа қатысқан майдангерлердің мәңгілік жан-жарасына жазылған жоқ. Жалындап тұрған жас шағында мыңдаған азаматтар жат елде жан тапсырып, тірі қалғандары майданнан түрлі жарақатпен елге оралды.
Ауған жерінде жауынгерлік міндетін абыроймен атқарған ардагерлер бүгінгі таңда
еліміздің әртүрлі саласында еңбек етіп жүр. Оның ішінде біздің партиялас
әріптесіміз Жақсылық Нұрмұханбетұлы да бар. Ол филиалымыздың заңгер қызметкері
болып істейді.
Бүгін филиал төрағасы Саят Сыздықов әріптесімізді құттықтап, алғыс хат тарту
етті.