25
Сәуір

Аудан басшылығы ауыл тұрғындарымен ашық кездесу өткізді

25 сәуір 2025 жыл, Абай облыстық филиалы

Жаңасемей ауданының әкімі Алмас Тәнібекұлы ауыл тұрғындарымен кездесу өткізді. Кездесуге Абай облысы Жаңасемей аудандық мәслихатының төрағасы, "Ақ жол" Демократиялық партиясының мүшесі Абильмажинов Ермек Төлегенұлы да қатысты.

Бұл кездесу Жиенәлі және Ертіс ауылдық округтері тұрғындарының өзекті мәселелерін талқылап, оларды бірлесе шешуге бағытталған ашық диалог алаңы болды.

Кездесу барысында төмендегідей мәселелер көтерілді:

Жиенәлі ауылдық округі бойынша:

Жайылымдық жердің жетіспеушілігі;

Бөкенші ауылындағы бос тұрған мектеп ғимаратын қайта жөндеу;

Маралды ауылындағы ауыз су тапшылығы.

Ертіс ауылдық округі бойынша:

Көшелерді жарықтандыру;

Ауыл ішілік жолдарды жөндеу;

Жер қазба жұмыстарының реттілігі;

Балабақша салу қажеттілігі;

Дәрігерлік қызметтің тұрақтылығы.

Алмас Тәнібекұлы мен Ермек Абильмажинов барлық сұрақтарға жауап беріп, көтерілген мәселелерді шешу бағытында бірлесіп жұмыс істеуге уағдаласты. Ауыл тұрғындарының ұсыныстары мен талаптары ескеріліп, оларды жүзеге асыру кезең-кезеңімен жүргізілетіні айтылды.

Кездесу соңында тұрғындар алғыстарын білдіріп, осындай ашық әрі нақты пікір алмасу алаңдарының маңыздылығын атап өтті.