"Ақ жол" демократиялық партиясының барлық облыстық филиалдарының есептері бойынша ауыл, ауылдық округтер мен аудандық маңызы бар қала әкімдерін сайлау ұйымдасқан және қалыпты жағдайда өтті. Біздің партия өкілінде ПТР анықтамасы жоқ болған бір жағдайды есептемегенде, барлық "Ақ жол" партиясының бақылаушылары сайлау учаскелерінде жұмыс істеді.
Әріптесіміз партияның орталық кеңсесінің заңгер қызметіне жүгінген кезде, жергілікті сайлау комиссиясының осындай анықтаманың болуы туралы талабының заңды және аталған құжатсыз учаскеге жібермеу негізделгені туралы түсініктеме берілді. Партияның қалған бақылаушылары барлық сайлау учаскелерінде кедергісіз өз міндетін атқарды. "Ақ жол" партиясының бақылаушылары артық бюллетеньдерді лақтырған екі сайлаушыны ұстады (бір жағдайда - 4, екінші жағдайда - 2 бюллетень). Тиісті акттер тіркеді. Сондай-ақ сайлау комиссиясы мүшелерінің бірі учаскеден бақылаушыларсыз екі бюллетень жәшігін шығаруға әрекет жасады. "Ақ жол" демократиялық партиясының бақылаушысының қарсылығынан кейін бюллетень жәшіктері орнына қайтарылды, көзделген бұзушылықтың алдын алды. Барлық көрсетілген оқиғалар бойынша растайтын бейнематериалдар бар. Біздің бақылаушылар бұдан басқа өрескел бұзушылықтарды тіркеген жоқ. Дауыс беру жүздеген сайлау учаскелерінде өткенін ескере отырып, бюллетеньдерді лақтырудың екі фактісі (жалпы саны 6 бюллетень) бұзушылықтардың расында аз екенін көрсетті, сондықтан біз сайлау процесінің барлық қатысушыларын құттықтаймыз. Алайда, бұл тек сайлау комиссияларының ұйымдастырған жұмысын ғана білдіреді деп санаймыз. Өткен сайлаудың шиеленістің төмен болуына менің ойымша, бәсекелестіктің алдын-ала шектелуі себеп болды, ол туралы осы тақырып бойынша алдыңғы постта жазғанмын. Солай бола тұра, облыстық филиалдарымыздың хабарлауынша еліміздің бірталай ауылдар мен аудандық маңызы бар қалаларында "Ақ жол" демократиялық партиясы кандидаттары жеңіске жетіп, әкім болып сайланды. Бұл ақпарат ресми растауды талап етеді, сондықтан әзірше жеңімпаз әріптестеріміздің есімдерін жариялай алмаймыз.
Бүгінгі сайлаумен Қазақстан демократиялық үрдістерді дамытуда нақты және маңызды қадам жасады деп санаймын. Бұл үрдістің институционалды мазмұны оның ағымды ерекшелерінен әлдеқайда терең.
Тәжірибе көрсеткендей, бұл жол оңай емес болса да, оны өтуге мәжбүрміз.
Бүгін өткен сайлау ары қарай бұдан да ашық әрі батыл шешімдерге жол ашып отыр. Себебі халқымызға да, мемлекетімізге де түбегейлі өзгерістер қажет!