17
Ақпан

Қауіпсіздік талаптары қашан қабылданады? - Казак унi (Алматы)

 
Азат Перуашев журналист Михаил Козачковқа берген сұхбатында ІІМ-нің қысымымен жаппай сатып алынып жатқан автоорындықтар және балаларды ұстайтын құрылғылар қауіпсіздік нормаларына сәйкестігі тексеруден өтпеді, яғни жол-көлік оқиғалары болған жағдайда қорғай алмайды деп мәлімдеді.
«Ақ жол» партиясындағы тыңдау барысында анықталғандай, ИМ жол полициясы және ИМ техникалық реттеу бойынша комитеті әлі күнге дейін балаларды ұстайтын құрылғыларға техникалық регламент жасамаған.
Мысалы, ІІМ әкімшілік полициясы комитетінің төрағасы И.Лепеха жуырда баспасөзге берген сұхбатында: «Біз адаптерлер немесе бустерлердің сертификаттарын тексермейміз, өйткені тиісті біліктілігіміз жоқ. Әрине, қолдан істелген, жіптері шығып немесе ыдырап кеткен тігістері бар ұстау құрылғыларын қолдануға болмайды. Бірақ, ол зауыттікі екені көрініп тұрса, полицей үшін сол да жеткілікті» - деп мәлімдеген.
И.Лепеха мырзаға сенсек, егер де қолдан істелінген құрылғыдан «жіптер шығып тұрмаса», жол-көлік оқиғаларында баланың өмірін сақтап қала алады екен. Сонда қауіпсіздікті тексеруге арнайы білімі жоқ жол полициясы аяқ астынан тігін бұйымдарын қадағалау кезінде қалайша білгіш бола қалады? Біздіңше қолдан жасалғаны ғана емес, зауыт құралдарының да қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі тексерілуі тиіс. Әрбір полицейдің ойына келгеніндей емес, бұл талаптар техникалық регламентпен бекітілуі керек деп санайды Азат Перуашев.
ІІМ-нің қысымымен, бүгінде жүргізушілер автоорындықтарды жаппай сатып алуда, соның ішінде, қытай өнімі де бар. Алайда, Қытай еуропалық стандарттарды және регламенттерді сақтамайды, олардың өзіндік ережелері бар. Ал Қытай тауарларының сапасы бәрімізге белгілі. Сол себепті, мұндай қытайлық автоорындықтар Қазақстанның қауіпсіздік нормаларына қаншалықты сәйкес келеді деген сұрақ қою заңды.
Қазақстанның қауіпсіздік талаптарына не қытайлық, не басқа да шетелдердің құрылғылары сәйкес келе бермейді. Бірақ біз мұны не растай, не теріске шығара алмаймыз, өйткені ІІМ және МТРК қауіпсіздік талабын бекіткен жоқ. Ал қауіпсіздік талаптары бекітілмесе қауіпсіздіктің өзі қалай сақталмақшы? Сондықтан қазір жүргізушілердің сатып алған орындықтары бір-екі жылдан кейін регламенттер қабылданған кезде жарамсыз болып, жол полицияларының өздері оларды заңсыз деп тағы да ауыстыруды талап ететін болады. Сол кезде қайтадан шығындалған мыңдаған азаматтардың наразылығы қайтадан пайда болуы мүмкін дейді депутат.
 
Дерекнама - Казак унi (Алматы), № 6 (665), 10.02.2015