25 шілде 2020 жыл, "Ақ жол" Демократиялық партиясының Қостанай облыстық филиалы
Мәжілісмен жергілікті ауруханаға тыныс алу аппараттарымен, жеке қорғану құралдарын татру етті .
Сондай-ақ, covid-19 дертінен қайтыс болғандардың туыстарымен кездесті. Сонымен қатар, Арқалық дәріханаларында дәрі-дәрмектердің бағасы мен бар-жоғын тексеріп, ондаған көп балалы отбасына барды. Осынау қиын сәтте тағдыр тауқыметін тартып отырған отбасыларына азық-түлік жиынтығын тарту еткен мәжілісменнің көмегі қарапайым халыққа лайықты қолдау болды.
Қазіргі таңда Арқалықта көптеген адамдар жұмыссыз қалып, кедейлік шегінде өмір сүруде. Көп балалы отбасында болған депутат балалармен сөйлесіп, және ата-аналардың алаңдататын мәселелеріне құлақ түрді.
Мәселен, Үсеновтар отбасында барлық жанұя мүшелері үшін бір телефонға телміріп отырғанын алғаш рет жеткізді. Бұл отбасыдағы балалар үй тапсырмасын жасау, Bilimland роликтерін көру және мұғаліммен байланыс жасау үшін өз кезектерін сағаттап күтуге тура келген. Олардың өтініштерін естігенде Азат Перуашев қысқа мерзімде отбасыларды гаджеттермен қамтамасыз ету мәселесін шешетінін жеткізді.
Араға уақыт салмай «Ақ жол» партиясы өз қаражатына балаларға заманауи Samsung смартфон сатып алып, Арқалыққа жеткізді. Партияның Қостанай филиалы төрағасының орынбасары Дастан Жұмабаев оларды төрт көп балалы отбасыға табыс етті.
Балалар партия сыйлаған смартфондар арқылы партия төрағас Азат Перуашевпен сөйлесті. Олар өз үндеулерін жолдады. Бейнеәңгімелесу барысында партия лидері Азат Перуашев Арқалық қаласының жас тұрғындарына жаңа оқу жылында табыс тілеп, ата-аналарына көмектесуге және жақсы оқуға шақырды.
Еске сала кетейік, өткен аптада халық халаулысы Арқалық қаласына арнайы ат басын тіреп, осы шалғай аймақтағы әлеуметтік мәселелермен танысқан болатын.
Мәжілісменді жұмыс сапары барысында шағын қаладағы жағдай оңай емес екенін аңғарды. Аядай Арқалықта көптеген қордаланған мәселелер, қатерлі індеттен сырқаттанғандардың көптігі, дәрі-дәрмектермен тыныс алу аппараттарының тапшылығы, білікті кадрлардың жоқтығы қатты алаңдатқан еді.