29
Сәуір

Қазақ көшбасшылығы тақырыбында Әлия Әшіммен кездесу өтті

29 сәуір 2025 жыл, Шымкент қалалық филиалы

Шымкентте қазақ тарихындағы көшбасшылық тақырыбында танымал журналист-документалист Әлия Әшіммен кездесу өтті. Кездесу барысында ол Алаш зиялылары, олардың қызметі мен идеялары, сондай-ақ Әлихан Бөкейхановтың саяси мұрасы туралы тың деректермен бөлісті.

Әлия Әшім тарихи деректерді дереккөздермен, мұрағат құжаттарымен негіздеп, ХХ ғасыр басындағы ұлт зиялыларының күрес жолын кеңінен сипаттады. Әсіресе, ол Әлихан Бөкейхановтың көшбасшылық қасиеттері мен қазіргі ұрпаққа қалдырған рухани мұрасы туралы ерекше тоқталды.

Шараға қатысушылар Алаш қайраткерлерінің заманауи Қазақстан қоғамындағы рөлі мен олардың идеяларының өзектілігі туралы сұрақтар қойып, пікір алмасты.

Кездесуге «Ақ жол» ҚДП Шымкент қалалық филиалының баспасөз хатшысы Леспаева Аяулым да қатысты.