21
Наурыз

“Қазақмыс Корпорациясы” ЖШС төрағасының компания экспортына қатысты “Ақ жол” фракциясының сауалына берген жауабы

"Қазақмыс Корпорациясы" ЖШС басқарма төрағасы Н. Нұриев компания экспорттайтын кен және концентраттар құрамында сирек жер және бағалы металдардың бар-жоғына қатысты "Ақ жол" фракциясының сауалына жауап берді.

Аталмыш корпорацияның химиялық зертханалар басқармасының бұрынғы басшысы Б. Әділованың видео үндеуі (https://t.me/peruash/12988) бойынша жасалған бұл сауал мемлекеттік органдар мен "Қазақмысқа" жолданған болатын.

Атап айтқанда, Н. Нұриев кендердің химиялық және рентгеноспеткралды талдауын негізді түрде бөліп қарастырады, бұл жауап "Өлшемдер арасындағы біріңғайлықты қамтамасыз ету туралы" заңда бекітілген ішкі өндірістік және мемлекеттік бақылаудың бөлінуіне әбден сай, аталмыш заңның әзірленуіне фракциямыз тікелей қатысқан еді.

Толығырақ - корпорация жауабында