02
Мамыр

Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай өткен «Достық және мәдени диалог күні» өтті

2 мамыр 2025 жыл, Шымкент қалалық филиалы

Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай Шымкентте өткен «Достық және мәдени диалог күні» ерекше форматта өтті.

Оқушылар арасында Қытайдың зияткерлік Weiqi (Го) ойыны ойнатылып, үздіктер іріктелді. Жеңімпаздарға алғыс хаттар мен медальдар табысталды.

Марапатты «Ақ жол» ҚДП Шымкент қалалық филиалының төрағасы, мәслихат депутаты Батырбек Аширбаев табыстап, жастардың интеллектуалдық дамуындағы осындай шаралардың маңызды екенін айтты.

Бірлік пен достықты дәріптеген шара ел болашағына сенім ұялатады.