10 желтоқсан 2024 жыл, Жамбыл облыстық филиалы
Байзақ ауданы әкімдігінің мәжіліс залында Қазақстан мәслихаттарының 30
жылдығына орай салтанатты жиын өтті.
Салтанатты шарада аудандық мәслихаттың төрағасы Бақтияр Мұратұлы өкілетті
органның ауданның экономикалық, әлеуметтік және басқа да мәселелерге белсенді
атсалысып отырғанын атап өтті. Аудан әкімінің міндетін атқарушы Болат
Сағынбеков мәслихаттардың тарихи рөлі туралы айтып өтті.
Жиында аудандық мәслихаттың барлық шақырылымының депутаттарына
«Қазақстан мәслихаттарының 30 жылдығы» мерекелік медальдары тапсырылды.
«Ақ жол» партиясынан сайланған Ләйлә Беспаева да мерекелік медальмен марапатталды.