«Қазақстандық тауар Кеден одағының нарығына кірген жоқ» - Жас казак
Нұрлан Алдабергенов, ЕЭК-Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі министрі:
«Қазақстандық тауар Кеден одағының нарығына кірген жоқ» дегенмен мүлдем келіспеймін. Мысалы, өткен жылы бір ғана «Цесна-Астық» концерні өз өнімін Ресейдің Мәскеу, Омбы, Белгород, Тюмень, Челябинск қалаларына шығарып үлгерді. Осы қалаларда біздің өніміміз тек базарда ғана емес, бөлшек сауда желілеріне де енгізілген. Сондай-ақ Ресейдің Қорған қаласының дүкен сөрелерінде алматылық «Рахат» кәмпиті, «МАСЛО-ДЕЛ» ЖШС темір ыдыстағы сүттері, «Tea House» ЖШС шығарған шай, оралдық «Кублей» ЖШС-нің бұқтырылған еті самсап тұр»
Азат Перуашев, Мәжіліс депутаты:
«Біз Еуразиялық экономикалық одақтың нарығына кірмек түгілі, өз нарығымызда барлық мүмкіндіктен айырылдық! Оған көз жеткіземін десеңіз, жәй ғана дүкендерді аралап шығыңыз. Біздің сөремізде кімнің арағы, кімнің азық-түлік өнімі самсап тұр? Сол жерден сіз қазақстандық өнімді таба аласыз ба? Мен мұны ойымнан шығарып айтып отырған жоқпын»
Дерекнама - Жас казак (Алматы), № 44 (512), 07.11.2014