22
Қараша

Қазақстанды өзгерту өз қолымызда - "adyrna.kz"

https://adyrna.kz/post/54275?preview_id=54275&preview_nonce=15c36d53b6&post_format=standard&_thumbnail_id=54276&preview=true

2012 жылдан бері «Ақ жол» демократиялық партиясы, міне 9 жылдан бері жас ғалымдардың «Алаштың XXI ғасырдағы Ақ жолы» ғылыми конференциясын жыл сайын өткізіп келеді. Онда қазіргі мәселелер Алаш идеологиясының контексінде талқыланады.  Бұл туралы партияның кезекті құрылтайында Азат Перуашев мәлімдеді деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы партияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Құрылтайда арнайы баяндама жасаған партияның төрағасы: Біз «Алаш» саяси мұраларын Қазақстанды жаңғыртудың ұлттық идеясы ретінде қараймыз және олардың мұраттарын мемлекеттік құрылыста, экономика және қоғамда табандылықпен жылжытатын боламыз.

Алашорда қайраткерлері армандағандай Қазақстанның 20-25 жылдың ішінде өзінің қоғамы мен экономикасын жаңғыртуға және әлемде лайықты орнын алуға барлық мүмкіндігі бар дегеніне сенеміз. Бұдан бір ғасыр бұрын оларға Жапон тәжірибесі бағдар болса, қазір оларға Оңтүстік Корея, Малайзия, Шығыс Еуропа қосылды.

Ол үшін табиғи байлық пен егемендік қана емес, парламентаризм, адал бәсекелестік, ресурстық ұлтшылдық, жаңғыру, ашық және зайырлы мемлекет сияқты түпкілікті қағидаттарға сүйене отырып өзгертуге және өзіміз өзгеру үшін саяси жігер керек.

  • Сондықтан біздің жұмысымыздың ең маңызды бөлігі – қоғамға және ең алдымен жастарға – озық білім мен мәдениетке, соның ішінде саяси мәдениетке баулу.

«Алаш» идеясы әр қазақтың туа біткен табиғи төл байлығы мен қазынасы. «Ақ жол» демократиялық партиясы басқа да қоғамдық-саяси күштермен бұл идеяны бірлесіп жүзеге асыруға дайын»,- деп мәлімдеді.