21 мамыр 2025 жыл, Абай облыстық филиалы
2025 жылдың 17-30 мамыр аралығында Тайвань елінің астанасы — Тайбэй
қаласында өткен әлемдік деңгейдегі маңызды спорттық дода — “Бүкіл Әлемдік
Шеберлер Ойындары” (World Masters Games) өз мәресіне жетті.
Аталған халықаралық жарысқа Қазақстан Республикасының атынан, соның ішінде
Абай облысының атынан дзюдо спортынан қатысқан Жарма аудандық мәслихатының
депутаты, “Ақ жол” демократиялық партиясының мүшесі, дзюдо спорт шебері
Қарақанов Марат ел намысын абыроймен қорғап, күміс жүлдеге, яғни әлемдік II
орынға ие болды!
Бұл – еліміз үшін ғана емес, бүкіл Абай облысы үшін зор мақтаныш! Қарақанов
Мараттың әлемдік аренада көрсеткен нәтижесі – нағыз ерлік пен табандылықтың
үлгісі. Ол тек спортшы ғана емес, халық қалаулысы ретінде де жастарға өнеге
көрсетіп келеді.
Құттықтаймыз! Қазақстанның туын биікте желбіреткеніңіз үшін алғыс
білдіреміз!