23 маусым 2021 жыл, «Ақ жол» демократиялық партиясының Маңғыстау облыстық филиалы
2022 жылдың 23 маусым күні Маңғыстауда
«Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауының өңірлік кезеңінің
жеңімпаздары анықталды.
Көрмеге Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев, Маңғыстау облысы
кәсіпкерлер палатасының директоры Рашит Мұстапаев және “Ақ жол” ҚДП Маңғыстау
облыстық филиал төрағасы Жаңбырбай Матаев қатысты.
Отандық өнімнің сапасын арттыру және Қазақстан нарығын бәсекеге қабілетті
тауармен толықтыруға бағытталған шара жыл сайын ұйымдастырылып
келеді.
Байқауда әр номинация бойынша үш-үштен, тоғыз жеңімпаз айқындалып,
жеңімпаздар арнайы жүлдемен марапатталды.
«Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар» аталымы бойынша облыс әкімі Нұрлан
Ноғаев, «Үздік азық-түлік тауарлары» аталымы бойынша Маңғыстау облысы
кәсіпкерлер Палатасының Іскер әйелдер Кеңесінің төрайымы Сәуле Салихова,
сондай-ақ «Халық тұтынатын үздік тауарлар» номинациясы бойынша конкурс
жеңімпаздарын “Ақ жол” ҚДП Маңғыстау облыстық филиал төрағасы Жаңбырбай Матаев
марапаттады.
Дипломанттар төрт жыл бойы «Қазақстанның үздік тауары» байқауының
эмблемасын жарнамалық мақсатта пайдалану құқығына ие болады. «Алтын сапа» және
«Қазақстанның үздік тауары» байқауларының жеңімпаздарын марапаттау жыл соңында
Нұр-Сұлтан қаласында ҚР Президентінің қатысуымен салтанатты рәсімде өткізіледі.