28
Ақпан

Азат Перуашев: “Ақ жол” Демпартиясының бірқатар ұсынысын үкіметтің Бюджеттік кодекс заң жобасына қосты

https://t.me/peruash/10932

Мәжілісте Бюджеттік кодекс бойынша жұмыс жүріп жатыр. "Ақ жол" демпартиясы мемлекеттік қаржының, соның ішінде мемлекеттік холдингтер мен ұлттық компаниялар қызметінің есептілігі мен ашықтығын қамтамасыз ету бойынша жылдар бойы ұсыныс жолдап келеді.

"Ақ жол" демпартиясының бірқатар ұсыныстарын Ұлттық экономика министрлігі түріндегі әзірлеуші үкіметтік заң жобасына енгізіп, соның нәтижесінде 42, 59, 93, 95 және 125 баптар пайда болды, мына хат та соны растайды.

Депутаттардың ұсыныстарына мұқият назар аударғаны үшін үкіметтегі әріптестерге ризашылық білдіреміз.

Биліктің қос тармағының мұндай өзара әрекеттестігін жалғасын табуға лайықты сәтті мысал деп қарастырамын. 

 

Дегенмен, фракциямыз бірінші оқылым барысында атап өткендей, заң жобасына қатысты сұрақтар әлі жеткілікті (https://akzhol.kz/kk/blog/mzhlst-plenarl-otrsnda-biudzhet-kodeksn-zhobasn-brnsh-olm-tallau-kezndeg-a-zhol-dempartiiasn-stanm).

Пікірталас жалғасын табады. Сабырлық танытып, табанды болайық. Өзгерістерден бас тарту мүмкін емес ✊🏼