«Ақ жол» фракциясы
мәдениет туралы заң жобасын, ең алдымен, Мәдениет министрлігінің бірқатар
салаларды (кинотеатр, ескерткіштерді қорғау және т.б.) заң шеңберінен
министрдің бұйрықтары арқылы реттеуге шығаруды қалайтыны үшін сынға алды.
Депутаттардың айтуынша, мұндай ұсыныстар Конституцияға қайшы келеді және
өкілеттікті асыра пайдалануға жағдай туғызады.
Әріптесіміз Қазыбек Исаның баяндамасы мен басқа да талқылаулардан кейін
Мәжілістің 15 депутаты заң жобасын қолдамады. Алайда құжат бірінші оқылымда
көпшілік дауыспен қабылданды.