25
Қараша

Азат Перуашев «Ақ жол» мүшелеріне мемлекеттік наградаларды табыс етті

25 қараша 2022 жыл, «Ақ жол» партиясының баспасөз қызметі

Бүгін Астана қаласында «Ақ жол» демократиялық партиясы Ұлттық кеңесінің Пленумы өтті. Пленум жұмысына парламенттегі «Ақ жол» фракциясының, Ұлттық кеңестің мүшелері, облыстық филиалдардың жетекшілері, мәслихат депутаттары, партия ардагерлері қатысты.

Пленум барысында партия басшысы Азат Перуашев бірқатар «ақжолдықтарға» Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың Жарлығымен Республика күні мерекесіне орай тағайындалған, сайлау науқанына байланысты берілмей қалған  мемлекеттік наградалар мен марапаттарды табыс етті. 


Сонымен, «Құрмет» орденімен «Вираж» компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Владимир КОТЕЛЬНИКОВ (Қазақстан бойынша үш зауыт пен Республика бойынша сервистік орталықтар желісін біріктіретін ауылшаруашылық және коммерциялық жабдықтарды өндіруші және жеткізуші);

Мұқанбетәлі ШАЛҚАРБЕКОВ – партияның Жамбыл облыстық филиалының төрағасы, облыстық мәслихаттың депутаты, кәсіпкер және меценат;

Мақпал ОРЫНБЕТОВА – «Ақ жол» демпартиясынан Жезқазған қалалық мәслихатының депутаты, белгілі журналист;

Арман ЖҰМАДІЛОВ – ҚДП-ның Алматы қалалық филиалы төрағасының орынбасары, тарихшы-әдебиеттанушы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ доценті;

Қуат ӘМІРХАНОВ – «Ақ жол» ҚДП Ұлттық кеңесі заң қызметі басшысының орынбасары.


«Ерен еңбегі үшін» медалімен кәсіпкер, партиямыздан Қарағанды ​​облыстық мәслихатының депутаты Ойрат НҰРҚАЗОВ және Астана қаласы бойынша партия кеңесінің мүшесі, «Кедентранссервис» басқарма төрағасының орынбасары Еркін ҚҰТТЫБАЕВ марапатталды.

«Ақ жол»  демпартиясының Жастар ұйымдары кеңесінің төрайымы Ғазиза ТӘЖІБАЕВА Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен марапатталды.