04
Қантар

Азат Перуашев Алматы облысының өндіріс ұжымдарымен кездесті

4 қаңтар 2024 жыл, «Ақ жол» демократиялық партиясының Алматы облыстық филиалы

Алматы облысы Іле ауданына Қазақстан Республикасы Мәжіліс депутаты, “Ақ жол” демократиялық партиясының төрағасы Азат Перуашев  келіп, аудан аумағында орналасқан 2013 жылы ашылған ЖШС “Бірінші сыразауытына “барды. Сапар барысында зауыттың қазіргі жұмыс ауқымымен таңысып, түрлі салықтық туындап тұрған мәселерің тыңдады. Бұл зауыт 1858 жылы Алматы қаласын да ашылып, 2013 жылы Алматы облысына көшірілген. 10 нан аса түрлі өнім шығарылып, ТМД мемлекеттеріне сатылады. Қазіргі уақытта алкогольсыз өнім өндіру цехы іске қосылмақшы. Бұл салаға салынып отырған инвестиция көлемі 500 млн. тенге. Өндірісте 450 адам жұмыс жасайды. Бүгінгі күні бұл өндіріс облыстағы қомақты салық төлеушілер қатарында.

 Екінші нысан ол Чапаев ауылында орналасқан ЖШС “Сарыбұлақ”, жұмыртқа өндіру фабрикасы. Фабрикада 150ге жуық ауыл тұрғындары жұмыс жасайды. 3400 га жерде осы өндіріске қажет жем шөп дайындайтын жері бар шаруашылық. “Сарыбұлақ”ЖШС гі жұмыртқа өндірісінен бөлек дәнді дақылдар егіп, сұйық майды да шығарады. Бұл саланың өзіне тәң түрлі шешімің таппай келе жатқан мәселелерің шаруашылық басшысы Смаилов Ж. Ж атап өтті.