15 шілде 2020 жыл, «Ақ жол» Демократиялық партиясының баспасөз қызметі»
Азат Перуашев Алматы қаласындағы «Батыс» зираты басшылығының заңсыз әрекет фактілері бойынша ҚР Бас прокуроры Ғизат Нұрдаулетовке және Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевқа шағым жіберді.
Әлеуметтік желідегі хабарлардан (оның ішінде – белгілі журналист Михаил Козачковтың твиттерінен) азаматтар өздерінің қайтыс болған туыстарын жерлеу кезінде сыбайластық жемқорлыққа тап болғаны және аталған зират әкімшілігі тарапынан бопсалауға ұшырағаны туралы белгілі болды.
Мысалы, ресми жерлеу үшін төленетін 54 000 мың теңге сомасынан басқа «жұмыстың артуына байланысты» тапсырысты (жерлеуді) жедел орындау үшін әкімшілік «кассадан тыс» тағы 60 000 мың теңге қосымша төлеуді талап етеді. Зират жұмыскерлерінің айтуынша, ресми тапсырыс бойынша жерлеу процедуралары бір айдан соң ғана орындалады.
Көптеген азаматтар зират өкілдерімен дауласуға уақыттың тапшылығына байланысты мұндай заңсыз әрекет талаптармен келісуге мәжбүр.
Осы жағдайға байланысты, «Ақ жол» партиясының төрағасы ҚР Бас Прокуратурасына аталған және өзге де зираттарда тексеру жүргізуді және заң бұзушылықтар анықталған кезде жедел тиісті шараларды қолға алуды сұрады.
Ответ: