Бүгін таңертең Ақордада өткен Президент Қ.
Тоқаевтың «Қазақстан Республикасының Конституциясын іске асыру шаралары туралы»
Жарлығына қол қою рәсіміне қатыстым.
Шара барысында Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Н. Әбдіров өткен референдумның ресми қорытындыларын жариялап, Жаңа Конституцияның Қазақстан халқы тарапынан қабылданғанын мәлімдеді.
Мемлекет басшысы өз сөзінде Қазақстандағы
мемлекеттік билік жүйесін ауқымды институционалдық жаңғыртуға қатысты бірқатар
маңызды мәселелерді көтерді. Атап айтқанда, Қасым-Жомарт Кемелұлы референдум
қорытындыларына сүйене отырып, Қазақстан халқы прогрессивті болашақ үшін тарихи
таңдау жасағанын атап өтті. Ол бұл референдум ел тарихының алдағы бағыты мен
ұлт тағдырын айқындағанына баса назар аударды.
Президент референдумның ортақ мақсатқа
жету жолында халқымыздың бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығара алатындығының,
қоғамдағы ынтымақтың айқын дәлелі болғанын атап өтті. Сондай-ақ, ол жаңа
Негізгі заңды қолдап, ұлттық мүддені бөліскен барлық азаматтарға алғыс
білдірді.
Айта кету керек, ұлттық мүдде туралы сөз
Жаңа Конституция жобасын әзірлеу мен талқылау барысында бірнеше рет көтерілген
болатын. Ол, сондай-ақ, қазіргі Қазақстанның Ұлы Даланың мыңжылдық тарихымен
сабақтастығы атап көрсетілген Негізгі заңның преамбуласына, сонымен бірге
«Конституциялық құрылым негіздері» бөлімінің 5-бабында Конституциямыздың
халықаралық шарттардан басымдығы белгіленген Бөліміне де сәйкес келеді.
Мұндай басымдықтар Қасым-Жомарт
Кемелұлының Конституция мәтінінде де, мемлекет басшысы ретіндегі қызметінде де
Республиканың егемендігі мен тәуелсіз саясатын қамтамасыз етілуіне ерекше мән
беретінін көрсетеді.
Такое сравнение никого не может оставить
равнодушным.
Жалпы, әрдайым ұстамды Президенттің
бүгінгі сөзі эмоцияға толы болып, әсерлі образдармен өрілгені сезілді. Мысалы,
Конституцияны мемлекет мүддесін қорғайтын болат қалқанмен салыстыруы.
Мұндай теңеу ешкімді бейжай қалдырмайды.
Конституциялық комиссия мүшелері мен
Жалпыұлттық коалицияға алғыс білдіре отырып, Мемлекет басшысы алда әлі көп
жұмыс тұрғанын атап өтті: «Біз қазіргі жаһандық тұрақсыздық пен турбуленттілік
жағдайында мемлекетімізді жаңғыртудың үлкен жолының басында ғана тұрмыз. Бұл
жол өте күрделі, көптеген кедергілер мен қиындықтарға толы болады».
Мұндай үндеудің өзі үлкен мәнге ие, ол
босаңсуға емес, баршамызды ауқымды жұмысқа жұмылуға ынталандырады.
Қасым-Жомарт Кемелұлы өткен дауыс беру
күнінің енді ресми мемлекеттік мереке — Конституция күні болып жарияланатынын
атап өтті. Сонымен қатар оның жас ұрпаққа жасаған үндеуін ерекше атап өткен
жөн: жаңа Конституция Қазақстан мен оның халқының болашағына жол сілтейтін
бағдар болуы тиіс: «Сіздерге Қазақстанды әлемдегі ең озық әрі дамыған
мемлекеттердің біріне айналдыру міндеті жүктеледі», — деді президент. Бұл жаңа
тарихи жағдайда сенімді жұмыс істеуге серпін беретін өте батыл әрі қуатты
мәлімдеме.
Президент Жаңа Конституция мәтініне қол
қойып, оның 1 шілдеден бастап күшіне енетінін мәлімдеді. Осы кезең ішінде
қазіргі Парламент бірқатар конституциялық заңдарды қабылдауы тиіс, олардың
жедел әзірленуі туралы да тиісті жарлыққа қол қойылды. Атап айтқанда, Құрылтай,
Үкімет, Халық кеңесі туралы және басқа да заңдар, барлығы сегіз конституциялық
және 60-тан астам өзге заң қабылдануы керек.
Мысал ретінде айта кетсек, әдетте бір
сессияда 20–30 заң қабылданады. Яғни, үш айда әдетте бір жылда атқарылатын
парламенттік жұмысты орындау қажет, ал 1 шілдеден бастап бұл Парламенттің
өкілеттігі тоқтатылып, келесі сессияға дейін партиялық тізімдер бойынша жаңа
сайлау өтеді.
Үйлесімді әрі өте салтанатты жағдайда
өткен бүгінгі шара ерекше әсер қалдырды. Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Кемелұлы
азаматтар мен мемлекеттің қауіпсіздігіне қауіп төндірмейтін қылмыстық және
әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша амнистия жүргізуді тапсырғанын атап өткен
жөн. «Ақ жол» фракциясы осы тапсырма аясында мемлекетке қауіп төндірмейтін
экономикалық құқық бұзушылықтарға да амнистия қолдану туралы ұсыныс енгізуге
ниетті. Бұл бұрын сотталған кәсіпкерлерге келтірілген шығынды өтеп, бұрынғы
айыптарды алып тастауға мүмкіндік береді.
Өткен референдумды бағалай отырып, Президент өткен референдумға баға бере отырып, жаңа Конституцияның қабылдануы ұлт сапасының жаңа деңгейге көтерілгенін білдіретінін атап өтті. Басқаша айтқанда, Қазақстан осындай терең реформаларға толығымен дайын, олар мемлекет пен қоғамның күш-жігерін, экономикалық және адами ресурстарды жұмылдырып, тұтас ұлттың алға жылжуына серпін береді.
Жаңа Конституция құтты болсын, достар!
Алда маңдай тер мен табандылықты қажет ететін әлі көп еңбек бар. Жетістікке
міндетті жетеміз.



