04
Сәуір

Азат Перуашев «Архимедус» клиникасына барып, ұжыммен кездесті

4 сәуір 2025 жыл, Астана қалалық филиалы

2025 жылғы 4 сәуірде «Ақ жол» демократиялық партиясының төрағасы, Мәжіліс депутаты Азат Перуашев «Архимедус» клиникасына барып, ұжыммен кездесті. Сапар барысында ол мекеменің қызметімен танысып, денсаулық сақтау саласындағы салық салу мәселелерін талқылады.

Кездесуді ұйымдастыруға клиника басқарма төрайымы Ляззат Мэлсовна бастамашы болды. Бұған дейін клиника басшылығы «Ақ жол» партиясына ресми хат жолдап, медициналық қызметтерге 10% қосылған құн салығын (ҚҚС) енгізу туралы алаңдаушылығын білдірген болатын. Хатта бұл шараның теріс салдары атап өтілген.

Клиника қызметкерлері де өз ұстанымдарын білдірді. Олардың айтуынша, ҚҚС енгізу медициналық қызметтердің құнын арттырып, халықтың төлем қабілеті төмен жағдайда бұл әсіресе сезіледі. Сонымен қатар, бұл медициналық қызметкерлердің еңбекақысына әсер етіп, жеке клиникалардың жұмысын қиындатуы мүмкін екені айтылды.

Өз кезегінде Азат Перуашев Парламенттегі «Ақ жол» фракциясының ұстанымы туралы айтып, партияның көптеген жылдар бойы экономиканың саласына қарай сараланған салық мөлшерлемелерін енгізуді ұсынып келе жатқанын атап өтті. Сондай-ақ, ол жаңа Салық кодексін дайындау аясында Үкімет мүшелерімен және Мемлекеттік кірістер комитетінің басшылығымен жүргізіліп жатқан талқылаулар туралы ақпаратпен бөлісті.

Кездесу қорытындысы бойынша Азат Турлыбекұлы клиника ұстанымын негіздеуге көмектесетін қосымша ұсыныстарды, статистикалық деректерді және талдамалық анықтаманы партия атына жолдауды Ляззат Мэлсовнадан сұрады.