14-15 наурыз Құрылтай күндерінде "Ақ жол" демпартиясы Атырау облыстық филиалының төрағасы Е. Юсупов және жергілікті "Атамекен" кәсіпкерлер палатасының жетекшісі Н. Суенбаевпен бірге бірқатар машинажасау кәсіпорындарында бардық. Бақылау-өлшеу жабдықтарын өндірушілердің халықаралық желісіне кіретін «WIKA” ЖШС манометр мен құбырлардың температурасын өлшеуге арналған электронды құралдар өндірісін жолға қойған екен. Өндірістік желі ресейлік мамандардың қатысуымен іске қосылып, процестің ұйымдастырылуы лабораторияны еске салса, технологиялық операциялар қызметкерлердің жоғары біліктілігін талап етеді. Өнімге тұрақты сұраныс бар, соған байланысты кәсіпорын жақын арада қызметін кеңейтпек.
Тағы бір тауар өндіруші - "Атырау Oil services" ЖШС заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған, қызмет көрсетумен қатар бөлшектер мен мұнай-газ техникасын өндіру мен құрастыруды игере бастады. Кәсіпорын мақтанышы - американдық лицензия бойынша мұнай ұңғымаларына арналған жабдықтың соңғы түрін (жалпы тілмен айтқанда – «качалкалар») өндіру. Ерекшелігі - кешеннің шағын өлшемімен және энергия сыйымдылығымен байланысты дәл сол «качалкалардың» болмауында. Игерудің алдында әзірлеушімен және құқық иесімен табанды келіссөздер жүргізілді, нәтижесінде ЖШС басшылығы бөлшектерді бірлесіп жеткізу және өз атынан жабдықты өндіру туралы келісімге қол жеткізді. Бұл басқа отандық машина жасаушылар мен Халықаралық мұнайгаз машинажасау орталығына үлгі болуы тиіс осындай ынтымақтастықтың маған белгілі бірінші оқиғасы. «Ақ жол» Демпартиясы тау-кен өнеркәсібінің шетелдік инвесторларынан қазақстандық кәсіпорындарға осы инвесторлар өз қызметінде қолданатын құрал-жабдықтарды өндіруді игеруге көмектесуді үнемі талап етеді. Дәл осындай өзара әрекеттестіктің жоқтығы үшін біз қазақстандық мұнай-газ саласының үш «алпауыты» – ТШО, NCOC және Қарашығанақ B.V. құрған аталған Орталықты үнемі сынға алудамыз.
Ойымызша, Орталық өзінің құрылтайшылары пайдаланатын жабдықтар мен бөлшектердің лицензиялары мен техникалық құжаттамасын қазақстандық кәсіпорындарға беруге ұмтылуы керек. Әзірге бұл бағытта табыс болмады.
Бірақ, көріп отырғандай, талапқа сай табандылық пен қырағылықтың арқасында біздің кәсіпкерлер әлеуетті серіктестерге өздері де жол таба алады.
«Атырау Oil services” ЖШС - толығымен жеке кәсіпорын, «Маңғыстаумұнайгаз», «Ембімұнайгаз», «Қазақойл-Ақтөбе» және т.б. сияқты серіктестерге өндірілген жабдықтар мен бөлшектерді жеткізеді.
Ұжыммен жақсы әңгіме-дүкен құрдық. Компания иесі әрі директоры Ерлан Аткиевті 25 сәуірде өтетін машинажасаушылардың кезекті форумына – әріптестерімен және министрлермен тәжірибе алмасуға, компанияның жаңа мүмкіндігін табуға шақырдым.
Айтпақшы, тағы он шақты атыраулық кәсіпорын өкілдерімен кездесу барысында өнеркәсіпшілерге өз өнімдерін ТШО-ның және басқа да «алпауыттар» тендерлерінің талаптарына сәйкестендіруге көмектескені үшін сол Машина жасау орталығына жылы сөздер айтқанын алғаш рет естідім. Барлығы келісім-шарттарға қол қоюмен аяқталды.
Бұл әңгімені форумда жалғастырамыз.