Бүгін «Семей-цемент» компаниясы акционерлерінің шақыруымен Қазақстандағы алғашқы цемент зауытының 65-жылдық мерейтойын атап өтудеміз. Семейлік зауытта Байқоңыр космодромы, тұрғын үйлер мен Алматыдағы Медеу кешені, бүкіл Қазақстан бойынша, соның ішінде Астанадағы үйлер мен өндірістік кәсіпорындар салынған. Бұл еңбек ұжымының ел экономикасына қосқан үлесі орасан зор.
Зауытта жаңа цемент диірмені мен қаптама желісін іске қостық, екі нысан да германиялық жабдықтармен қамтылған (Gebr.Pfeffer Se.” және “Haver &Boeker”). Инвестор бұл жаңғыртуға 12 млрд тг салып отыр.