30.05.2019
https://qazaquni.kz/2019/05/30/100426.html
Ең маңызды революция көшелерде емес, көпшіліктің санасында өтуі керек – бұл туралы «Ақ жол» партиясының төрағасы, Мәжіліс депутаты Азат Перуашев Президентiкке кандидаттардың пiкiр-сайысында мәлiмдеді.
– Онсыз жап-жаңа ғимараттар құлайды, тас жолдар тоза береді, – дедi үмiткер Дания Еспаеваның өкiлi. – Ал, прогресшіл санасы бар, технология түсінетін ел – қоғамды бұрын болмаған женістерге жеткізеді.
Сөздiң дәлелдеуіне ол Міржақып Дулатұлының айтқанын келтiрді: «Кісінің ақылын да, мінезін де тәрбиеліп шығаратын – оның қолдаған кәсібі».