21.11.2018.
Өзінің түп тарихын біліп, тамырынан өзек алған ұрпақ жаһандану заманында көптің көлеңкесінде қалып қоймасы анық.
Білектің емес, білімдінің аты озған алмағайып қоғамда өзіміздің толағай тарихымызды түлету өзекті. Әсіресе жастар осыны тереңнен ұғынғаны жөн. «Ақ Жол» демократиялық партиясының төрағасы Азат Перуашев Елбасы мақаласына қатысты осындай пікір білдірді.
Мәжіліс депутатының айтуынша, Мемлекет басшысы өз мақаласы арқылы жастарға рухани күш берді. Біз рухани азықты мұхиттың ар жағынан немесе батыс елдерінен іздемеуіміз керек. Өйткені бүгінде жаһан жұрты бой түзейтін батыс өркениетінің тамыры бізден бастау алған.
Азат Перуашев, «Ақ жол» демократиялық партиясының төрағасы:
- Біз соңғы кездері дамыған елдерден қалдық деп айтып жүрміз ғой. Сол себептен жастарымызды оқуға батысқа, Еуропаға, Америка, Канада, Қытайға жіберіп отырмыз. Ол да дұрыс шығар. Бірақ біздің балаларымыздың қанында, генетикалық кодында жаңалыққа, инновацияға, бәсекеге қабілеті барын ашық айтуымыз керек. Себебі олар бәсекеге, инновацияға жаңа технологияларға қабілетті екендерін біздің бабаларымыз дәлелдеді.
Қайнар көзі:https://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item