Әлеуметтік
желілер шатырына дейін су басқан ауылдар мен елді-мекендердің, көліктері жүзіп
жүрген қалалар мен мегаполистердің видеоларына лық толды. Су басқан аймақтардан
халықты жаппай эвакуациялау жүруде; өңірлерге аттанған Мәжілістегі
әріптестеріміз адамдардың ондап (не жүздеп?) үйлердің шатырлары мен екінші
қабаттарда топтасып тұрғанын, оларды, тіпті, тікұшақпен де алып кете алмай
жатқандарын хабарлауда. Ауыл шаруашылығы зардап шегіп, малдар үйірімен
қырылуда.
Мемлекеттік
органдардың барлық күші табиғат апатымен күресуге бағытталған.
Олардың жұмысы
мен жергілікті биліктің тасқынға дайын болмай шығуына мемлекет басшысы мен
прокуратура бағасын береді. Алайда, мемлекеттік қызметкерлердің көбі, одан
бөлек отандастарымыз бұл драмада ерлік пен қайсарлық танытып жатқанын мойындау
керек.
Бірақ…
Қайта-қайта
ерлік танытудың не қажеті бар, қажетті шаралардың көбі алдын ала жүйелі шешіліп
қоюы керек еді ғой? Ия, үлкен мәселелер бірден шешілмейді, жан жақты әрі ұзақ
мерзімді жұмысты талап етеді. Дегенмен, 30 жылда кез келген ұзақ мерзімді
күш-жігер өз нәтижесін берер еді.
Жылдың осындай
бір мезгілі барын бүкіл халық білгенмен, жауапты тұлғалар мен тұтас қызметтер
айдан түскендей мәре-сәре боп, наурыздың - көктем екенін, көктемде қардың
еритінін білмейтін құсап тұрады. Қар көп түссе қызыл су иен далада да нөпір боп
ағады, өзендер мен бұлақтар туралы айтудың өзі артық.
"Ақ
жол" фракциясы жылдар бойы қыс соңында осы мәселені көтеріп келеді, мысалы
2018 жылдың 24 қаңтарындағы сауалымызды қараңыздар.
(https://akzhol.kz/kk/blog/migrated_5265), осыған ұқсас сауалды биылғы жылы да
Мәжілістегі әріптестеріміз жолдаған.
Наурызда қардың
белсенді түрде еритін бесенеден белгілі. (2018 ж. 14 наурызындағы сауалымыз.,
https://akzhol.kz/kk/initiated-bills/migrated_5639). Бірақ, бұл әлі толық
«абзац» емес.
Қардың ең қатты
еритін кезеңі сәуір-мамырда (мысалы, 2022 жылдың 6 сәуіріндегі "Ақ
жол" фракциясының сауалын қараңыздар https://akzhol.kz/kk/blog/aq-zhol-aekimderding-zhawapsyzdyghynan-halyq-zardap-shekpewi-tiis,
сонымен қатар, 2015 жылдың 13 және 22 мамырындағы сауалдары
https://akzhol.kz/kk/blog/migrated_5582,
https://akzhol.kz/ru/blog/migrated_2423 ; т.б.).
Сондықтан, су
басудың көкесі әлі алда.
Бұл көктем
сайынғы бұл су тасқыны жаз сайын қайталанатын қуаңшылықтағы су тапшылығымен
үндесе береді.
Әкімдіктер мен
жергілікті салалық мемлекеттік органдар (Төтенше жағдайлар департаменті,
Қазсушар, т.б.) су тасқыны қаупі бар аймақтарға тұрғын үй салуға рұқсат
беретіндері аздай. Сонымен бірге су
тасқынының негізгі бағыттары бойынша құрастырмалы су қоймаларын ұйымдастыруға
да тырыспайды.
Иә, егер
мемлекеттік органдар қарды қауіпсіз аймақтарға шығаруды ұйымдастыра алмаса
(қазіргі көлемде бұл қиын болды, әсіресе ауылдарда), онда жергілікті өзін-өзі
басқару органдары бастама көтеруі керек еді.
Бәрі болмаса да, аудан, қала деңгейіндегі кейбір депутаттар кемінде бір
ай бұрын су тасқыны мәселесін көтергеніне күмәнім жоқ.
Бірақ мұның
жағдайға ешқандай әсер етпеуі өзін-өзі басқарудың жоқтығын да, жергілікті
мәслихаттардың әлсіздігін де көрсетеді.
Бұрынғыдай күн тәртібін олар емес, әкімдер белгілейді. Ал кейбір ауыл, тіпті аудан әкімдері өздері
«жауапты» аумақта емес, жақын маңдағы қалаларда тұрады, сондықтан өз
аумақтарының атмосферасын толық сезінбейді.
Айтпақшы, «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»
заңды талқылағанда (бір-екі жыл бұрын) «Ақ жол» фракциясы ауылдық округтер мен
аудан әкімдерін өздері басқаратын аумақта тұруға міндеттеу туралы ұсыныс
жасағанымен, үкімет оған тосқауыл қойған болатын.
Астананың
іргесіндегі Қоянды ауылының халқы тас жолға шығып көмек сұрағанда, әкімдік сол
уақытта үйлерінен айырылып жатқан адамдарға көмек көрсетудің орнына айыппұл
салдырған.
Дегенмен, дәл
қазір дауласар уақыт жоқ. Қорытындысын
кейін шығарамыз, енді ең бастысы адамдарды құтқару, адам шығынын болдырмау. Сол әкімдер де, мемлекеттік қызметкерлер де,
қарапайым азаматтар да қолынан келгенін де, келмегенін де істеп, өзгелер үшін
тәуекелге барып жатқандарын да көріп жүрміз.
Біз бұл апатпен
күресте оларды қолдаймыз және қиын жағдайда қалған отандастарымызға батылдық
пен табандылық тілейміз. Бірқатар Мәжіліс депутаттары, соның ішінде, "Ақ
жол" фракциясының мүшелері де, өңірлерге аттанып, тасқынмен күрес
шараларына қатысып, әріптестерін хабардар етуде. Басты күрес, жоғарыда
айтқанымдай, алда; алдымызда келтірілген
зиянды өтеу бойынша көп жұмыс күтіп тұр.
Жауапкершілікке тарту мен марапаттау кейін болар. Бүкіл планета бірқатар
климаттық апаттарға тап болды, бұл айқын: өрттер, жер сілкінісі, су тасқыны...
Халқымызға
қайсарлық пен табандылық танытып, бұл сынақтан сүрінбей өтуді тілейміз. Біз
мықтымыз, қолымыздан бәрі келеді.