31
Шілде

Азат Перуашев Ерейментау ауданында құрбандық шалып, көпбалалы отбасылармен кездесті

31 шілде 2020 жыл, Қазақстанның "Ақ жол" Демократиялық партиясының баспасөз қызметі

«Ақ Жол» Партиясының төрағасы Азат Перуашев Ақмола облысының Ерейментау ауданына іс-сапарын Малтабар ауылында орналасқан Перуаш Кәрімұлының зиратына барып Құран бағыштаумен бастады.
Сапар барысында партия төрағасы Азат Перуашев қасиетті Құрбан Айт мерекесінде құрбандыққа қара мал шалып, осы аудандағы 13 көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға таратып берді. Бұған қоса қажетті азық-түлік пен балаларға арналған тәттілер де үлестірілді.


Қасиетті айт мерекесінде қолдау көріп жатқан ауылдықтар ризашылығын білдіріп, өтініштерін де жеткізді.
Көпбалалы отбасының анасы алдағы жаңа оқу жылында балаларын қашықтықтан қалай оқытамын деп уайымдап отыр. Себебі, балаларына қажетті компьютер, смартфон жоқ.
Депутаттың айтуынша, “Елді індет жайлап жатқан кезде шағын қалалар мен ауылдарды қолдау назардан тыс қалып жатыр.” Мысалы, Ерейментау ауданында дәрі-дәрмек тапшы болып жатқанда осы ауылдан шыққан азаматтар қолдау жасапты. Ал үкіметтің көмегі кешігіп жетті.
Өз кезегінде Перуашев партия атынан аудандық ауруханаға жүздеген медициналық бетперде, қолғап және қорғану киімдерін табыстап, дәрігерлердің жағдайымен танысып, көкейдегі мәселелеріне құлақ түрді. Ерейментау аудандық ауруханасының бас дәрігері Марал Сүлейменова Ерейментаулық дәрігерлер Covid-19 жұқтырып, ауырып шыққанымен әлі өтемақыға қол жеткізе алмай отырғанын айтып,
қауіпті індет шарықтаған сәтте Ақмола облысының Ерейментау ауданында ахуал күрделеніп, қазір жағдай тұрақталуда екенін жеткізді.
Сондай-ақ, депутат ауылдағы дәріханаларды аралап шықты. Елдегі дәрі тапшылығына қатысты айғай-шудан соң, ауылға да қажетті дәрілер енді жетіпті. Бірақ, дене қызуын өлшейтін құрал әлі деп тапшы екені белгілі болды.