Мәжіліс депутаты Азат ПЕРУАШЕВты біраз «әблязовшіл» ақпарат құралдары тағы да сынға алды. Бұған жуырда Мәжілісте қабылданған «Парламенттік оппозиция» туралы заң жобасы себеп болды. Бес жылдан кейін олар тағы Burson-Marsteller швейцариялық компаниясының кеңесшісі Мари-Луизе Бауманн екеуінің хат алмасқан жазбаларын жариялады. Басылымның хабарлауынша, «Перуашев мырза Храпуновты экстрадициялауға Швейцария саясаткерлерінен көмек сұраған». Мәселенің анық-қанығын білу үшін біз тікелей Азат Тұрлыбекұлының өзіне жүгінуді жөн көрдік.
– Сіздің ойыңызша неліктен «әблязовшіл» бұқаралық ақпарат құралдары бес жыл бұрынғы «компроматын» қазір қозғап, қайтадан жариялап отыр?
– Қатты айтсам кешірерсіз, бірақ мені мұны сандырақ дер едім. Өзіңіз байқағандай бұл оқиға 5 жыл бұрын болды, және ол туралы енді айтылатын ештеңе қалған жоқ. Қызығушылық танытқандар сол кездегі басылымдарға берген сұқбатымнан оқи алады. Одан «сенсация» жасау – сасыған балықты тағы да саудаға шығарғанмен бірдей.
Қазір өте қайнап тұрған заман, атышулы оқиғалар апта сайын ағылып жатады. Былтырғы жылдың өзгерістеріне тоқталмай-ақ, жақында болғандарын алайықшы: Алматыдағы ұшақ апаты, Қордайдағы қақтығыс, теңгенің тағы да құлауы, дәрігерлердің жаппай індетті жұқтыруы, 42 500 теңге айналасындағы олқылықтар, Қытай басылымдарының «Қазақстанның қосылуы» туралы мақалалары, өзбек дамбасының жарылып, Мақтааралды су басу ...
Осындай жағдайда бес жыл бұрын айтылған өтірікті қайта қозғау - далбаса тірлік. Парламенттің құзыреті туралы айтсақ, кімді болмасын «экстрадициялау» депутаттың өкілеттілігіне кірмейді. Бұл мүлдем басқа органдардың шаруасы.
"Ақ жол" демократиялық партиясы жемқорлардың елден ақшаны алып кетуіне тосқауыл қоюды және ол қаражатты Қазақстанға қайтаруды басым бағыттардың бірі деп санайды. Осы мақсатпен біз әр түрлі елдердегі әріптестермен үнемі байланысып отырамыз. Құқық қорғау органдарына Кипрдегі, сонымен қатар «Панама тізіміндегі», «Жұмақ құжаттардағы» қазақстандық қаражат туралы; банкротқа ұшыраған Әзірбайжан банкіне жүздеген миллион зейнетақы ақшаларын салу туралы, Швейцарияның бір банкіндегі 82 қазақстандықтың, соның ішінде қазіргі шенеуніктердің құпия шоттары туралы ондаған депутаттық сауал жіберілді. Биылдың өзінде біз Еуропарламент делегациясына үшінші рет Қазақстаннан ұрланған ақшаны заңсыз шығарудың алдын алу және елге қайтару үшін бірлескен топ құруды ұсынып, ҚР Сыртқы істер министрлігіне БҰҰ-дағы да сол сияқты жұмыс тобының құрамына ену туралы ұсыныс жібердік.
2010-шы жылдардың ортасында баспасөз беттерінде Храпуновтар отбасы Қазақстаннан кетіп бар жатқанда 5 миллион АҚШ доллары сомасындағы қаражатты декларациялап, ал Швейцарияға келгенде олардың шоттарында 400 миллион доллары бар болып шықты. Біз жергілікті әріптестірімізден осыны анықтауды өтіндік. Бізді бұл отбасының елге «экстрадициясы» емес, олардың да, басқа алаяқтар отанымыздан ұрлаған ақшаның елге қайтарылуы қызықтырады.
Швейцария депутаттары біздің өтінішімізді жерге тастамай, Швейцария бас прокуратурасына бірнеше сауал жіберді. Сол кездегі алынған жауаптар бейтарап болса, қазір ұры байсымақтарға көзғарас мүлдем өзгеріп бара жатыр. Халықаралық тәжірибеде «Шығуы түсініксіз байлық» деген жаңа тұжырым пайда болды және бұл тұжырым басқа да шетелде байлығын жасырғандарға да қатысты қолданылуда. Мүмкін бізге жасалып жатқан шабуылдардың ар жағында осыған қатысы барлар тұр...
– «Әблязовшілдердің» ойынша, сіздің партия «ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «парламенттік оппозиция» мәртебесін институционалдық бекіту туралы тапсырмасын орындауда» дейді. Бұған не айтасыз?
– Не дейін, егер олар Президент тапсырмаларын оқитын болса, дұрыс екен. «Ақ жол» партиясы 2013 жылы парламенттік оппозиция туралы заң жобасын дайындап, ол Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Демократия институттары және адам құқықтары жөніндегі бюросының оң бағасын алған болатын. Менің ойымша, Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіби дипломат ретінде Еуропадағы оппозицияның мәртебесі туралы бізден жақсы біледі. Оның желтоқсандағы тапсырмасымен біздің жұмысымыздың үйлесім табуы сондықтан шығар.
Сол себептен, біз алдынғы заң жобасын қазіргі кезеңге келтіріп, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының қорытындысын және Еуропа демократиялық Комиссиясының (Венеция комиссиясы) «Демократиялық парламенттердегі оппозицияның рөлі туралы» баяндама сының ұстанымдарын қолдандық. Онда: «Парламенттік оппозицияның құқықтық шарттары кез-келген саяси жүйенің демократиялық жетілуін бағалаудың эталоны болып табылады» (23-тармақ) делінген.
Шынын айтайын, осы заң идеясын іске асыру үшін, біз бастапқы жобадан Конституциялық өзгерістер мен бюджеттік шығындарға қатысты нормалардан бас тартуға мәжбүр болдық. Сонымен бірге, Үкімет парламенттік оппозицияны мемлекеттік ақпараттық тапсырыстар бойынша билік партиясымен тең жариялау жөніндегі ұсыныстарымызды өткізбеді. Дегенмен, ең бастысы Мәжіліс «парламенттік оппозиция» институтын бекітуді қолдады, осы үшін біз палата басшылығына, "Nur Otan" фракциясына алғыс айтымыз. Өйткені, олардың қолдауынсыз бұл мүмкін болмас еді.
Осы уақытқа дейін Қазақстанның заң кеңістігінде «оппозиция» денген ұғым мүлдем болмаған, сондықтан қоғамда «нағыз» оппозиция кім екендігі туралы пікірталастар әлі күнге жалғасуда. Сонымен бірге, Еуропалық Комиссияның баяндамасында «Парламенттік оппозиция деген – парламентке енген, бірақ үкіметтің мүшелері жоқ саяси партиялардан тұрады» деп есептеледі (11-тармақ).
Алайда Мәжіліс бұл тұжырымды жеткіліксіз деп тапты. Заң жобасы парламенттегі оппозицияны билікке шынымен қарсы болып, балама тәсілдерді ұсынып, қоғамды толғандыратын мәселелерді көтереуге ынталандырып отыр. Сондықтан, «парламент оппозициясының» анықтамасында, бұл партиялар, әдетте, билік партиясынан өзгеше саясат жүргізуге міндетті деген тезис енгізілген.
Сонымен бірге, оппозицияға бірнеше құқықтық артықшылықтар: мәжіліс комитеттерінің біріне төрағалық ету, екі комитеттің хатшысы лауызымдары; әр сессия кезінде парламенттік тыңдаулар мен үкімет сағаттарын (министрлердің есебін тыңдау) бекіту құқығы, үкіметтің заң жобасына (оппозиция келіспейтін) қарсы балама (альтернативті) заң жобасын ұсыну; парламенттің кез келген іс-шараларында, мәжіліс пен сенаттың бірлескен отырыстарында сөз сөйлеуіне кепілдік беріледі.
Иә, кәзір де әрбір депутаттың лауазым үшін сайлауға түсуге, заң жобаларын енгізуге, іс-шаралардың тақырыбын ұсынуға немесе сөйлеуге ресми мүмкіндігі бар. Бірақ осы мәселелер бойынша нақты шешімдерді парламенттік көпшілік қабылдайды. Сол үшін бүгінгі таңда парламенттік азшылықтың қолында бір комитет жоқ; «Ақ жол» депутаттары сөз сөйлеген кезде бірнеше рет микрофон өшірілген, біз дайындаған алты заң жобасының ешқайсысын бұрын Мәжіліске өткізбеген.
Енді бұл заң парламенттік көпшілікке оппозицияның құқықтарын бұзуға жол бермейді. Мысалы, егер оппозицияға бөлінген комитетке азшылықтын үміткері қажетті дауыс жинай алмаса, сол лауазымға оппозиция басқа да кандидаттарын ұсына алады, өйткені бұл квота тек оған берілген. Егер парламенттік көпшілік пікірталасты тоқтату туралы шешім қабылдаса да, бәрібір оппозицияға сөз беруге міндетті .
Меніңше бұл оппозицияға ешқандай қатысы жоқтарға ғана ұнамауы мүмкін.
Заң жобасы қаңтар айынан бастап, өңірлерде сайлаушылар мен сарапшылар арасынды қоғамдық талқылаудан өтті.
10 қаңтарда Алматы қаласында Alma-U университетінде талқыланып, ақпарат құралдарында жарияланды. 19 қаңтарда «Хабар» телеарнасында «тікелей эфирде» өткір пікірталас өтті.
Кейін әлеуметтік желілерде тәуелсіз сарапшылармен: 10 сәуірде - Парламентаризмді дамыту қорының сайтында және 11 сәуірде – халықаралық «Voice of Kazakhstan» YouTube арнасында пікір алмастық. Яғни, жоба барлық жағынан ортаға салынды, талқыланды.
Сондықтан, бізді сынаушылардың «Тоқаевтың тапсырмасын орындады» дегендерінің жөні бар. Бірақ мәселе басқада. Мынандай жақсы сөз бар, «Мықтылар идеяны талқылайды, ал, әлсіздер мықтыларды өсектейді» деген. Оппозицияның мәртебесін бекіту батыл идея болды. Ал осы идеяны немесе оны жасағандарды талқылай ма, әркім өзі білсін.
– Кейбір сарапшылар аталған заң жобасы парламентте өзінің фракциясы бар «Ақ жол» партиясын қолдауға бағытталған дегенді алға тартады.
– Осыны айту үшін сарапшы немесе эпидемиолог болудың қажеті жоқ, кез-келген «көкезу» сізге осындай сараптама жасап береді. Өзгенің өсегін таратқаннан гөрі, өз тақырыбын білгені дұрыс.
Сенат заң жобасын қолдаса, заң 2021 жылдан бастап күшіне енеді. Яғни, бұл заң қазіргі фракциялар үшін емес, болашақ парламентке арналған. Мен тіпті уақыт өткен сайын біз негізің қалаған парламенттік оппозиция мәртебесі бұдан да күшейеді деп үміттенемін. Сондықтан біз осы заң жобасын жасай отырып, келешекте қоғамымыз бұдан да ашық, парламенттің құрылымы бұдан да күрделі, пікіралмасулар бұдан да өткір болуын қаладық.
Еркін қоғамда кез-келген билік партиясы ерте ме, кеш пе оппозицияның орнын басады. Демократиялық мемлекеттің тұрақтылығы қатып қалғанымен емес, кезек-кезек, жүйелі жаңартулармен қамтамасыз етіледі. Сондықтан демократиялық билік білікті, кәнігі, мемлекетшіл оппозицияға мүдделі болып; ал билік партиясы - көшедегі дулы пікірталастарды парламент қабырғасында шешуге тырысу керек. Сонда ғана оппозицияны кездейсоқ адамдар емес, халықтың өзі заң жолымен таңдаған саятсаткерлер құрайды. Ол «Ақ жол» бола ма, басқа бола ма, - сайлаушылар өздері шешсін.
- Дегенмен, кейбір шолушылар сіз осы заң жобасымен өзіңізге оппозицияның мәртебесін бекітуді қалайсыз деп болжайды.
– Оны уақыт көрсетер. Мен айтқан тұжырымдар қабылданғаннан кейін, «Ақ жолды» оппозиция деп айту қиын болар. Оппозиция «ереже бойынша» (яғни көпшілік жағдайда, соның ішінде дауыс бергенде де) билік партиясынан бөлек саясатты жүргізуі тиіс.
Иә, біз билік партиясымен үнемі айтысып отырамыз: кеше ғана көпшілік дауыспен экономика комитеті бизнес-климат туралы заңға «Ақ жол» енгізген түзетулерді өткізбеді. Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында біздің фракцияның депутаттары денсаулық кодексін қолдамады. Бірақ мұндай жағдай көп пе? Жоқ, жартысына да жетпейді. Өйткені, даулы мәселелер негізінен жұмыс сатысында шешіледі, ал Мәжілістің жалпы отырыстарына, ел көзіне тек келісілген құжаттар ғана шығарылады. Тіпті, Мәжіліс бюросында біз қарсылық білдірген кезде, спикер талқылауды тоқтатып, меморгандарды фракциямен келісуге жіберген мысалдар болды. Бұл өте тиімді тәсіл, бірақ сол үшін ғана бүгінгі «Ақ жолды» оппозиция деп айту қиын. Себебі біздер парламенттегі көпшілікпен әзірге компромисс табатын жолды білеміз. Ал, біздің заң жобамыз бойынша болашақ оппозиция компромиссіз болуы керек.
Келешекте, парламентке өткен партиялар оппозиция екенін жариялау үшін ресми шешім қабылдауы керек. Көп нәрсе олардың бағдарламаларына ғана емес, сонымен бірге билікпен қарым-қатынас тактикасына да байланысты болады. Меніңше, ең дұрысы, жеңіске жеткен партия үкіметті құруы керек, және де саяси жүйемізді соған апарғанымыз жөн. Бірақ қолданыстағы Конституцияда атқарушы билік парламенттегі партиялық құрамына байланысты емес. Бұл жағдайда партияларға түрлі мүмкіндіктер беріліп отыр.
Мысалы, егер парламенттік азшылық өкілдерінің бірі үкіметке кірсе немесе жергілікті билік органдарын басқаратын болса, онда мұндай фракция да өзін оппозиция деп жариялауы дұрыс емес. Әрине, бұл күмәнді нұсқа, бірақ біз қазіргі уақытта көп қалыпсыз (стандартты емес) саяси және экономикалық шешімдерді көріп отырмыз. Оппозиция мықты және қажетті құрал. Бірақ ол атақ немесе өмірдің мәні емес. Мемлекеттің, тіпті адами ұстанымы бойынша нәтижеге қол жеткізу, экономиканы дамыту және қарапайым адамдардың күнделікті өмірін жақсарту әлдеқайда маңызды.