09
Сәуір

Азат Перуашев инвестицияларды қорғау форумының жұмысына қатысты

https://t.me/peruash/15685

Бүгін Бас прокуратурада өткен инвестицияларды қорғау форумының жұмысына қатыстым. Президент Қ. Тоқаевтың шешімімен Бас прокуратура құрылымында Инвестицияларды қорғау комитеті құрылып, инвестициялық омбудсменнің функциялары Бас прокурор Берик Асыловқа жүктелгені белгілі.

Форумда Үкімет (Бірінші вице-премьер Роман Скляр), Парламент (Вице-спикер, «Ақ жол» фракциясының мүшесі Дания Еспаева), ҰКП (Канат Шарлапаев), Инвестицияларды қорғау комитеті (Бауыржан Ералы) атынан баяндамалар жасалып, сондай-ақ отандық бизнес өкілдері мен шетелдік инвесторлар сөз сөйледі.

Жалпы, Бас прокуратура шетелдік те, отандық та инвесторлар мен кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған жүйелі әрі байыпты жұмысқа кіріскені байқалады. Бұл, әрине, құптарлық.

Форумнан кейін Б.Асыловтың жеке қабылдауында кәсіпкерлік қызметті қылмыстық жауапкершіліктен арылту және ірі жер қойнауын пайдаланушылармен қарым-қатынаста отандық өндірушілердің заңды құқықтарын қорғау мәселелерін талқыладық.