13
Қыркүйек

Азат Перуашев: Кеше АЭС бойынша референдумге дайындық штабымен бірге Қарағанды облысында жұмыс істедік

https://t.me/peruash/12030

№4 қалалық емханада Теміртау қаласының медициналық қауымдастығымен, жастар үйінде ШОБ кәсіпкерлерімен жүздестік.

Артынша Бұхар жырау ауданындағы Қарақұдық пен Ботақара ауылдарында болып, тұрғындармен, шаруарлар және бюджет қызметкерлерімен тілдесіп қайттық.
Экономикалық даму мен ғылыми-техникалық прогрестің факторы ретіндегі атом энергетикасын енгізуге қатысты өз көзқарасымызды білдіріп, өркениетті әлеммен бірге алға жылжу қажеттілігін айттық. Кездесуге қатысушылар негізінен қауіпсіздік, экология, баламалы көздер, кадрлар, жемқорлыққа байланысты сұрақтар қойды.

Осы және өзге де бірқатар сұрақтарға жауап бердік. Адамдарды көбінесе жолдардың жағдайы, тұрғын үй, жұмыс пен қымбатшылық мәселелері алаңдатып отыр.

Атом энергетикасына қатысты халықтың көзқарасы позитивті. Қазанның 6 күні прогресс пен дамуды жақтауға шақырдым.