10
Ақпан

Азат Перуашев: Үкімет Президенттің тапсырмасын дереу орындап, тым жоғары әрі ойланбай жария ете салған ҚҚС мөлшерлемесін қайта қарау туралы нық бекімі қуантады

https://t.me/peruash/12743

Әрине, үкімет Президенттің тапсырмасын дереу орындап, тым жоғары әрі ойланбай жария ете салған ҚҚС мөлшерлемесін қайта қарау туралы нық бекімі қуантады.

Мемлекет басшысы талап еткендей сараланған салалық мөлшерлемелерге көшуге даярлықтары да көңілге сенім ұялатады.

Сонымен қатар, салық реформасы бойынша өте асығыс әрі әрқилы мәлімдемелер - қызықтырғанның орнына, күмән мен күдік туғызады.

Әзірге мұның барлығы, көріп отырғанымыздай, үстінде құбылып шыға келуі мүмкін, оған қоса, нақты негіздемесі жоқ жай сөздер ғана: неліктен ең жоғарғы мөлшерлеме 16%? Неге 15 не 17 емес?

Неге "аралық" салық - 10%? 5 не 8% болса ше?

Президент кәсіпкерлермен кездескенде кезекті сандарды жария етіп ғана қоймай, "салық саласында тәртіп орнатып, бюджет кірісін ұлғайтуға мүмкіндік беретін" ҚҚС мөлшерлемесін мұқият есептеуді тапсырды ғой.

Үзінді келтіре кетейін:

«Кез келген реформаны жан-жақты сараптап, байыппен жүргізген жөн… Қалай десек те, қосымша құн салығының мөлшерлемесі сараланып белгіленуге тиіс. Үкімет түпкілікті шешімді білікті сарапшылардың, қайталап айтамын, білікті сарапшылар мен кәсіпкерлердің, әлбетте депутаттардың пікіріне құлақ аса отырып, нақты есептеулер негізінде қабылдағаны дұрыс» (үзінді келтірдім - А.П.).

Бүгін жария етілген ұсыныстар депутаттармен талқыланбады, тіпті, Парламентке де енгізілмеген; салықтарда тәртіп орнатып, бюджет кірісін ұлғайтатын есептеулерде біз әлі көрген жоқпыз, ең жоғарғы мөлшерлемені, мысалы, 15 не 14%, ал, әлеуметтік және басым салалар үшін 5-8% төмендету арқылы бұл нәтижеге қол жеткізу мүмкін бе?

Мұны салыстырмалы есептеулер арқылы неге көрсетпеске?

"Лаффер қисығы", яғни, салық мөлшерлемесі мен салық түсімдерінің нақты көлемі арасындағы кері математикалық байланыс туралы еске салатын кез осы, бұл олардың оңтайлы арақатынасын есептеуге мүмкіндік береді.

Мұндай есептеулер жүргізілді ме, үкімет жария етілген ҚҚС мөлшерлемесінен төмен шектерді қарастырды ма - бұл сауалдар кадр сыртында қалуда.

Және бұл сандар олардың парламентке енгілізуіне дейін өзгермесе - онда мұндай есептеулерді өзімізге жасауға тура келеді.

Бұл жағдайда жұмыс тобында қызу пікірталастар орнары анық.