30.10.2018.
Кеше Астанада өткен үкімет сағатында депутаттар арасында дау шықты. Комсомолдың 100 жылдық мерейтойы аясында туындаған кикілжің барысында Азат Перуашев Божко мен Сергей Звольскийді орнына қойды деп жазады centralasian.org сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.
Аталған жиында алғаш болып сөз бастаған мәжілістің вице-спикері Владимир Божко жиналғандарды комсомолдың мерейтойымен құттықтай жөнелген деп жазады 'Азаттық' радиосының тілшісі.
'Бүгін Қазақстанның тәуелсіздік алып, қалыптасып, дамып жатқанына 27 жыл толған кезеңін және бұған бұрынғы комсомолдық мектептен өтіп, соныңқатарында өскен комсомолдардыңқосқан үлесін еске алған дұрыс болатын шығар. Олардың комсомолдық мектепте ұйымдастыру, шаруашылық жүргізу және саяси жұмыстарды атқаруда жинаған тәжірибесі егеменді Қазақстанды құруда іске асты. Залдағылардың барлығы дерлік осы мектептен өткенін және біздің жастық шағымыздағы жақсы істерді айтқым келіп отыр', - деді Божко өз сөзінде.
Божконың сөзін депутат Сергей Звольский да қостай жөнеліп, елді 'мерекемен' құттықтады.
Дегенмен, вице-спикердің бұл сөзіне шамданған Азат Перуашев комсомол күнімен құттықтаған әріптестерін сынға алып, елімізде мұндай мерекенің жоқ екенін еске салды.
'Бізде мәжілістің ресми жиыны өтіп жатыр, сіздер комсомол күнімен құттықтап жатырсыздар. Мұндай мереке жоқ. Әріптестер, мен біздіңқандай елде тұратынымызды еске салғым келіп тұр. Біз тәуелсіз Қазақстанда тұрамыз. Біздің күнтізбеде ондай мереке жоқ. Егер кім де кім үшін бұл жеке мереке болса, онда бір-бірлеріңізді мәжілістің ресми отырысында емес, жеке құттықтауларыңызды сұраймын', - деді Перуашев.
Перуашевтің бұл сынын орынды деп атаған депутат Ахмет Мурадов оны қолдап, алғыс айтты.
Еске салсақ, комсомолдың құрылғанына 100 жыл толуына байланысты еліміздің бірнеше қаласында мерекелік шаралар болып өткен еді.
Мәселен, 21 қазан күні Абай атындағы опера және балет театрында комсомолдың 100 жылдығы дүркіретіп атап өтіліп, сыйлы қонақтардың арасында Қазақстанның Ресейдегі елшісі Иманғали Тасмағамбетов, сенат және мәжіліс депутаттары Бірғаным Әйтімова, Бақытжан Жұмағұлов, Қуаныш Сұлтанов болған.
Сонымен бірге, танымал айтыскер ақын Айтақын Бұлғақов 'Алатау' газетіне 'Жетісу жастарының көсемдері' атты үш беттік мақала шығарған.
Айта кетерлігі, Атырау облыстық ішкі саясат басқармасы өңірде комсомолдың 100 жылдығын тойлауға тыйым салған екен.