10
Сәуір

Азат Перуашев Конрад Аденауэр қорының Қазақстандағы өкілдігінің басшысы Йоханнес Рей мырзаны қабылдады

https://t.me/peruash/1599

Кеше Конрад Аденауэр қорының Қазақстандағы өкілдігінің басшысы Йоханнес Рей мырзаны қабылдадым. "Ақ жол" демократиялық партиясы мен Германияның саяси партияларының өзара іс-қимылы, біздің партиямыздың Мәжіліс және мәслихат депутаттарының жергілікті парламенттердегі, сондай-ақ Германия Парламенті мен Еуропарламенттегі неміс әріптестерімен ынтымақтастығын кеңейту мәселелерін талқыладық; екі ел бизнесінің ынтымақтастығын жандандыру қажеттігін де атап өттік. Й.Рей мырза "Ақ жол" демократиялық партиясының еуропалық құндылықтарды ілгерілетуге, нарықтық қағидаттар мен адал бәсекелестікке баса назар аударатынын атап өтті. Өз кезегінде, 2013 жылы неміс тәжірибесін пайдаланған "Парламенттік оппозиция туралы" заң жобасын әзірлеуге көмектескені үшін Қорға алғысымды білдірдім. Өздеріңіз білетіндей, заң өткен жылы қабылданған болатын.