23
Қантар

Азат Перуашев: Мемлекеттік кірістер комитеті және Салық альянсымен бірге жаңа Салық кодексіне фракция депутаттарының түзетулерін талқыладық

https://t.me/peruash/12613

Бүгін "Ақ жол" демпартиясының орталық кеңсесінде Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің басшыларымен (Комитет төрағасының орынбасары Жәнібек Нұржанов) және Салық альянсымен бірге демпартия төрағасының кеңесшісі Антонина Ан дайындаған (34 түзету) мәмілелерді жарамсыз деп тану бойынша жаңа Салық кодексіне фракция депутаттарының түзетулерін талқыладық.

Талқылау қиын әрі тартысты болды. Бұл жұмысты "Ақ жол" фракциясының өзге де бағыттардағы түзетулері бойынша (өндіріс пен шағын және орта бизнес үшін жеңілдіктер, бөлшек салық мөлшерлемесін төмендету, банктерге ауыртпалықты арттыру және т.б.) жалғастыруға келістік.

Мәмілелерді жарамсыз деп тануға қатысты келетін болсақ, Ж. Нұржанов А. Анды біздің даулы ұсыныстарымызды (барлығы дерлік) егжей-тегжейлі талқылау үшін келесі аптада Тараздан келуін сұрады. Солай келістік.