29
Мамыр

Азат Перуашев министрдi отставкаға кетiрмек - Жас Алаш (Алматы)

Бiлiм саласы жөнiндегi заңға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу мәселесi Мәжiлiсте қызу пiкiрталас тудырды. Мәселен, Мәжiлiс депутаты Азат Перуашев Бiлiм және ғылым министрi Аслан Сәрiнжiповке былай дедi:
– Заңды өзгерткеннен гөрi министрдi өзгерткенiмiз жөн шығар. Сiз президент мiндеттеген тапсырманы орындай алмадыңыз, аккредитацияға өту жоспарының да быт-шытын шығардыңыз, бiлiм мекемелерiн нарықтық методикаға сай құра алмадыңыз, ендi сiз неге отставкаға кетпейсiз?
Ресми емес ақпараттарға сенсек, А.Перуашевтiң бұлайша күшеюiнiң де себебi жоқ емес. “Оның артында үлкен ықпалды топ тұр, А.Перуашевтiң аузына сөз салып отырғандар да – солар!” дейдi ресми емес ақпарат көздерi.
 
Дерекнама - Жас Алаш (Алматы), № 42 (16020), 28.05.2015